Нарық

Tабиғи газды тұтынушылар назарына!

  • Tабиғи газды тұтынушылар назарына!

    Tабиғи газды тұтынушылар назарына!

Алматыда Әл-Фараби даңғылы мен Желтоқсан көшесінің қиылысында газдану концентрациясы (газдың тарауы) байқалған, яғни Әл-Фараби көшесінде жерасты орташа қысымды газ құбырынан ауаға газ тарады. Бұл газ құбыры 1973 жылы салынып, ОШАҚ қазандығы (Оңтүстік-Шығыс аудандық қазандығы) мен 14 коммуналды-тұрмыстық және өндірістік өнеркәсіптерді, 258 жеке сектор мен 549 ұжымдық секторды газбен қамтамасыз ету үшін пайдалануға берілген. 


Бүгін, 17 шілдеде Әл-Фараби даңғылы мен Желтоқсан көшесінің қиылысында қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін Көктем шағын ауданы, Әл-Фараби-Назарбаев-Сейфулин-Тимирязев-Попов-Шашкин көшелерінің шаршысында орналасқан тұрғын үйлерде, ОШАҚ қазандығы (Оңтүстік-Шығыс аудандық қазандығы) мен 14 коммуналды-тұрмыстық және өндірістік өнеркәсіптерде, 258 жеке сектор мен 549 ұжымдық секторда уақытша газ сөндірілді. 
 
Қазіргі таңда Алматы газ шаруашылығының күшімен апаттық жағдайды тоқтату жұмыстары жүргізіліп, осы аймақтағы жерасты газ құбыры ауыстырылды. 

Осы орайда апаттық жағдай толық тоқтатылғанша, халықтан газ крандарын жауып, Алматы газ шаруашылығы газды қайта қосқанша крандарды ашпауды өтінеміз. 

Қалалық азаматтардан уақытша ыңғайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз. Өйткені бұл жұмыстар Алматы қаласы газ құбырларын пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілуде. 
 

 




Көрілген: 689    Пікірлер: 0

жұма, 17.07.2020, 17:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Қыркүйек, 18:20
    Жалақымен баюға бола ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30