Нарық

Tengri Bank-тың бұрынғы топ-менеджерлері 5,4 млрд теңге жымқырды деген күдікке ілінді

  • Tengri Bank-тың бұрынғы топ-менеджерлері 5,4 млрд теңге жымқырды деген күдікке ілінді

    Tengri Bank-тың бұрынғы топ-менеджерлері 5,4 млрд теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. 

Қаржы мониторинг комитеті Экономикалық тергеу қызметінің жетекшілігімен ведомствоаралық тергеу-жедел тобы «Tengri Bank» АҚ бұрынғы топ-менеджментіне қатысты жалпы сомасы 5,4 млрд теңгеден астам ақша қаражаттарын ұрлау фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, деп жазады Аzattyq-ruhy.kz порталы.

«9 қарашада Алматы қаласының тергеу соты Б.А. Ильясовқа, А.У. Жадықовқа, Н.М. Жылқыбаеваға қатысты 2 айға дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шараларын санкциялады. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Басқа ақпараттар тергеу мүдделері үшін жария етілмеді», - делінген комитет хабарламасында.

Бахтияр Әбдінұрұлы Ильясов &ndash банк төрағасының бұрынғы орынбасары;

Әсет Өрісбайұлы Жадықов &ndash банктің Алматы қалалық филиалы басшысының орынбасары;

Назгүл Маманшалқызы Жылқыбаева &ndash банк қызметкерлері бақылауындағы мекеме басшысы (жалған құжаттар арқылы 3 млн АҚШ доллары көлемінде қайтарымсыз несие алған).

Еске сала кетейік, 10 қарашада Қаржы министрлігі TengriBank басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Бақтияр Ілиясов пен TengriBank-тің Алматыдағы филиалы директорының экс-орынбасары Әсет Жадықовтың ұсталғанын растады.




Көрілген: 458    Пікірлер: 0

жұма, 13.11.2020, 17:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Қаңтар, 12:04
    Доллар бағамы өсті
    19 Қаңтар, 12:05
    Доллар бағамы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31