Нарық

Адамзат тыныс алып отырған ауа үшін ақы төлеу жүйесіне көшуі мүмкін

  • https://islam.kz/

    https://islam.kz/

Әлемде атмосферадағы парникті газды аулап, оны залалсыздандыру жобасына ақы төлеу жүйесіне көшуі мүмкін. Адамзат атомосфераның одан ары ластануының алдын алу үшін өнерсәсіпте жаңа технологияларды дамыту мен енгізу шығынын арттыруға мәжбүр.

 

Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Credit Suisse Group AG швейцариялық қаржы конгломератының және Халықаралық энергетика агенттігінің (International Energy Agency (IEA)) сарапшыларына жөн сілтеген Bloomberg ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

 

Көміртектің атмосфераны ластау деңгейі мен жаһандық жылыну қатері парникті газды аулау әрі сақтау технологиясына қатысты тарифтің шапшаң өсуіне әсер етіп отыр (Carbon capture, utilisation and storage (CCUS))..

 

Credit Suisse Group AG мамандарының келтірген дерегіне қарағанда, атмосферадан CO2-ті аулау құрал-жабдықтар нарығы таяу жылдары екі млрд долларға жетпек.

 

Ал қаржы сарапшыларының болжамы бойынша осы он жылдықтығ орта шенінде қоршаған ортадан зиянды қалдықтардан тазарту қызметіне сұраныс артады, өйткені, 2025 жылға қарай ластаушы заттар квотасының бағасы кем дегенде екі есеге артады, дәлірегі, орташа есеппен алғанда тоннасына 118 долларға жетпек (қазіргі бағасы тоннасына шамамен 64 долларды құрап отыр).

 

Бұған қоса, әлемнің көптеген елдері аһандық жылыну мен климат өзгерісіне қарсы күрес аясында  өнеркәсіпте атмосфераны ластаушы заттардан арылуға, сөйтіп, атмосфераға бөлінетін парникті газды нөлдік деңгейге түсіру міндеттемесін алып отыр.

 

Атмосферадан ластаушы заттарды аулайтын технологиясының қолданысқа енгеніне бірнеше жыл болса да қымбат.

 

IEA мәліметі бойынша цемент өндіру мен электр энергиясын өндіруде ауаны тазарту құны тоннасына 120 долларды құрайды. Атмосферадан CO2-ті аулау құны жобаның орналасқан жері мен қондырғылардың ерекшелігіне байланысты қалыптасады.

 

Британиялық Wood Mackenzie зерттеу компаниясының мағлұматы бойынша күллі әлемде парникті газды аулаудың жоспарланған жобалар саны 2019 жылы 300-ге жетіп, алты есеге артқан.

 

Олардың дені Еуропа мен Солтүстік Америка елдерінде кеңінен енгізілген. Соның ішінде  Норвегия мен Нидерланды және Ұлыбритания елдері бұл бағытта көш бастап тұр.

 

Bloomberg сарапшыларының дерегінше, 2050 жылға қарай мұндай технологиялар өнеркәсіптің зиянды қалдықтарын 46 пайызға азайтады.

 

 

 




Көрілген: 720    Пікірлер: 0

сенбі, 21.08.2021, 17:25

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31