Нарық

«АгроДаму» - ауыл шаруашылығындағы инновацияға қадам

  • «АгроДаму» - ауыл шаруашылығындағы инновацияға қадам

    «АгроДаму» - ауыл шаруашылығындағы инновацияға қадам

Қазақ ұлттық аграрлық университеті ауыл шаруашылығы білімі мен өндірісінде инновациялардың ұйытқысы болуды көздейді. Бұл туралы «АгроДаму»  аграрлық ғылыми-өндірістік консорциумының университетте өткен жалпы кеңесі кезінде айтылды деп хабарлайды «Алаш айнасы». Жиын «Жаңғыру, инновация және инвестициялар: Қазақстанның аграрлық саласын кешенді дамыту» деп аталды.


Қазақ ұлттық аграрлық университеті әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналуды көздейді. Қазіргі күні университет еліміздегі аграрлық сала мамандарын даярлайтын алдыңғықатарлы жоғары оқу орны саналады. Соңғы уақыттарда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев инновациялық технологиялардың дамуына көп көңіл бөлу қажеттігін баса айтуда. Бұл ретте аграрлық сала мамандары мемлекет қойып отырған талап деңгейінен көрінуді өздерінің парыз-міндетері деп біліп отыр. Еліміздің қазіргі стратегиялық міндеті – Қазақстан шикізат өндіруші емес, ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші-өңдеуші және экспорттаушы ел ретінде бәсекеге қабілетті мемлекет болуын қамтамасыз ету. «АгроДаму»  аграрлық ғылыми-өндірістік консорциумы жиынының мақсаты Елбасының халыққа арнаған биылғы Жолдауындағы міндеттемелерді жүзеге асыру барысында ауыл шаруашылығы саласының маңызын арттырып, ғылым мен өндірістің өзара қатынасына тың серпін беріп, тәжірибе алмасу. Ғылыми басқосуда республикамыздың ауыл шаруашылығы саласын жаңа талаптарға сай дамытудағы «АгроДаму» консорциумының ықпалы туралы айтылды.
Тілектес Есполов, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры, академик:

– Біз әруақытта ғылым мен өндірісті ұштастыра білуіміз керек, ол Қазақстанның әлемдегі ауылшаруашылық өнімдерін экспорттаушы жетекші елдер қатарына қосылу мүмкіндігін арттыра түседі. Осы тұрғыдан алғанда ғалымдардың алдында үлкен міндеттер күтіп тұр.
Бұл жолда аграрлық ғылым мен білімнің көшбасшысы саналатын Қазақ Ұлттық аграрлық университеті бірқатар бастамалар көтеріп, жүзеге асырып келеді. Соның бірі ғылым, білім және өндірісті нақты интеграциялау үшін 2011 жылы «АгроДаму» аграрлық ғылыми-өндірістік консорциумы құрылды. Әріптес ретінде жұмыс жұмыс жүргізу нәтижесінде осы күнге дейін жалпы құны 250 млн теңгені құрайтын 13 келісім-шарттарға қол қойылып, нақты жобалар іске қосылуда.  Бүгінде консорциум құрамына  «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі, аймақтық әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары, ұлттық компаниялар, ғылыми - зерттеу институттары сондай-ақ өндіріс ұйымдары және құрылымдар осындай интеграциялауға қызығушылық білдіріп мүше болды. Енді аталған Консорциум мүшелері табандылық танытып, аграрлық саланы көтеруде орасан жұмыстар атқаруға тиіс.
Консорциум кеңесінің жұмысына ҚР парламент Мәжілісінің депутаты Роман Ким, ҚР  Ауыл шаруашылығы министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және сараптама департаменті директоры Серік Ыбыраев, «КазАгроМаркетинг» АҚ басқарма төрағасы Дархан Дәуітов, «КазАгроФинанс» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Асылхан Джувашев, ҚазҰАУ профессоры Аюп Искаков сынды лауазымды тұлғалар мен ғалымдар қатысып, баяндамалар жасады.




Көрілген: 1722    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 05.03.2014, 16:34

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Желтоқсан 2021
    Доллар бағамы төмендеді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31