Нарық

Агросақтандыруды субсидиялауға биыл 3,3 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінеді

  • http://argumentua.com/

    http://argumentua.com/

Еліміздің шаруалары егіс алқаптарын құрғақшылықтан сақтандыра алады. Оны үйден шықпай-ақ Qoldau.kz порталы арқылы жасауға болады. Сақтандыру құнының жартысын мемлекет төлейді деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Онлайн сақтандыру өткен жылы басталып, жақсы нәтиже көрсетті. Мысалы, фермерлерге 535 млн теңгенің сақтандыру төлемі берілді. Сақтандыру жағдайы туындағанын комиссия мүшелері емес, спутниктік мәліметтерге негізделген ақпараттық жүйе анықтады. Бұл сақтандыру төлемі механизмінің объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз етті.

 

Биыл агросақтандыру шығындарын субсидиялауға 3,3 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр.

 

Агросақтандыру саласындағы оператор &ndash «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес компаниясы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры. Мемлекет оператор арқылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сақтандыру сыйақысын төлеуге арналған шығындардың бір бөлігін өтейді.

 

Барлық сақтандыру процесі «Agroinsurance» сервистік жүйесі орналасқан Qoldau.kz платформасында іске асырылады. Қазақстандық сақтандыру компаниялары өз тәуекелдерін әлемдік нарықта айрықша орны бар Swiss Re, Munich Re және Hannover Re сияқты ірі халықаралық компаниялар арқылы қайта сақтандырады.

 

Сақтандыруға дәнді дақылдар (бидай, арпа, жүгері, сұлы) және майлы дақылдар (күнбағыс, рапс, зығыр) жатады. Айта кетейік, егіс алқаптарын Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының шаруалары сақтандыра алады.

 

Егіс алқабын сақтандыру үшін шаруа не істеу керек:

 

электронды цифрлық қолтаңба арқылы сайтқа тіркелу;

жеке кабинетке кіру;

тізімнен тәуекелі басым сақтандырылуы тиіс егіс алқабын таңдау;

сақтандыру компаниясын таңдау (Жусан Гарант, Виктория, Номад иншуранс);

сақтандыру құнының 50 %-н төлеу.

Осы қарапайым процедуралардан кейін фермер күн сайын жеке кабинеті арқылы топырақтағы ылғал деңгейін бақылауға мүмкіндік алады. Ол үшін үнемі онлайнда болудың қажеті жоқ. Егер жүйе ылғал жетіспеушілігін немесе артық мөлшерін тіркесе, фермер электронды поштасы арқылы хабарлама ала алады. Осыдан кейін электронды цифрлық қолтаңба арқылы төлем өтінішіне қол қоюы керек.

 

Барлық процесс автоматтандырылған және сақтандыру шартына сәйкес сақтандыру жағдайы тіркелген сәттен бастап 15 жұмыс күн ішінде төлем жасалады.

 

Ылғал тапшылығынан болатын тәуекелдерді сақтандыру индексі үш кезеңді қамтиды. Бірінші кезең: 15 мамырдан 14 маусымға дейін, екінші кезең: 15 маусымнан 14 шілдеге дейін және сақтандыру арқылы қорғанудың үшінші кезеңі: 15 шілдеден 14 тамызға дейін. Осы кезеңдердің әрқайсысы үшін жүйеде өз триггерлері қойылады. Яғни, сақтандыру жағдайы іске қосылатын нүктелер мен кезеңдердің әрқайсысына төлемдер қарастырылған. Топырақтағы ылғал деңгейін анықтаудың толық процесі, триггерлер мен басқа да параметрлер шаруаның жеке кабинетіне жіберіліп тұрады.

 

Қазақстанның көптеген аймақтарында түскен қардың және топырақтағы ылғал қорының аздығын ескере отырып, сарапшылар биыл жазда құрғақшылық болады деп болжап отыр. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры мемлекеттік субсидия есебінен құрғақшылықтан сақтандыру механизмі шаруаларға үлкен қолдау болады деген сенімде.

 

 




Көрілген: 2420    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.02.2021, 09:35

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30