Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ақмола облысында жол құрылысына бөлінген 1 млрд теңгеден астам қаражат ұрланды

21 маусым 2023, 10:16

Ақмола облысының арнайы прокурорларымен мемлекеттік қаражатты жымқырды деген күдікпен Ақмола облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бастығының орынбасары лауазымында бұрын істеген тұлға ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Іnbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Оған жол салуға бөлінген бюджеттік қаражатты аса ірі көлемде жымқыру фактісіне қатысы бар деп күдік қойылып отыр.

 

Атап айтқанда, күдікті нақты жұмыстарды орындамаған.

 

Осы факт бойынша ҚК 189 бабы 4 бөлігі 2 тармағымен (аса ірі көлемде жысқыру) сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

 

Сот санкциясымен ол күзетпен ұстауға алынды.

 

Егер күдіктінің қылмысы дәлелденсе 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген.