Нарық

АҚШ доллары мен еуроны сату мен сатып алу арасындағы ауытқу шегі белгіленді

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Ұлттық банк айырбастау пунктілері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шегін белгіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Қазақстан Ұлттық банкі қаржы нарығы қатысушыларының валюталарды сатып алу және сату бағамы арасында негізсіз жоғары маржаны орнатуына жол бермес үшін шұғыл шара қабылдады.

 

19 наурызда қаржы ұйымы арнайы қаулы қабылдады. Қаулыда уәкілетті банктердің және уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункті арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шегі былай белгіленді:

- АҚШ доллары - 6 теңге

- Еуро - 7 теңге.

 

Бұл шаралар елде төтенше жағдай режимі кезінде іске асады және ішкі валюта нарығына сыртқы факторлардың тұрақсыздандыратын әсерін шектеуге және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге жәрдемдесуге бағытталған. Қаулының толық мәтінімен Ұлттық банктің ресми интернет-ресурсында танысуға болады.

 




Көрілген: 249    Пікірлер: 0

жұма, 20.03.2020, 15:42

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30