Нарық

АҚШ инфляциясы әлем экономикасына қауіп төндіруі мүмкін бе

  • © Sputnik / Владислав Воднев

    © Sputnik / Владислав Воднев

АҚШ-та мұндай инфляция 2008 жылғы жаһандық қаржылық дағдарыс кезінен бері болған емес. Бірақ реттеуіш монетарлық саясатты қатаңдатудан бас тартып отыр. Deutsche Bank әрекетсіздік ешқандай жақсылыққа алып келмейтіні туралы ескертті. Бұл әлем экономикасына да қауіп төндіріп отыр, деп жазды РИА Новости.

 

Мамыр айында АҚШ инфляциясы жылдық көріністе бес процентке дейін өсті. Энергия тасымалдағыштар мен азық-түлік сияқты құбылмалы тауарларды есепке алмағанда тұтынушылық бағаның негізгі индексі өткен жылмен салыстырғанда 3,8 процентке артты. Бұл 1992 жылдың маусымынан бергі ең жоғары көрсеткіш. Барлығы – автомобиль, тұрмыстық техника, жиһаз, авиабилеттер, киім-кешек, азық-түлік қымбаттады.

 

Дүниежүзілік банк экономистері инфляцияның таргеттеуін қолданатын елдердің (Ресейді қоса алғанда) алаңдауына еш себеп жоқ екеніне сенімді: көрсеткішті нысаналы диапазон шегіне қайтару мүмкін болады.

 

Бірақ АҚШ-тағы жағдай мүлде басқа. Федералды резервтік жүйе әрекетсіз отыр. Наурызда ФРЖ басшысы Джером Пауэлл таргеттің уақытша екі процентке өсуі проблема емес екенін айтқан болатын.

 

Тұтынушылық бағаның шарықтауына не себеп болғаны белгілі. Пандемия басталған шақтан бері америкалық билік баспа білдегін бар қуатқа қосып, 6-9 триллион доллар жұмсап тастады. Ал Джо Байден билікке келгеннен кейін ел экономикасына тағы екі триллион доллар бөлінді. Бұл көбіне әлеуметтік саладағы ынталандырулар.

 

Ақшаның көптеп шығарылуы мемлекеттік қарызды тағы ширек көрсеткішке арттырды. Енді бұл 28 триллион доллардан (жылдық жалпы ішкі өнімнің 130 процентіне жуық) асты.

 

Экономист мамандар экономикадағы жаңа салымдар жақсылық әкелмейтінін ескерткен болатын. Өндіріс көлемінің сәйкес үлгіде өсуі жоқ кездегі қағаз ақшаның шамадан көп болуына байланысты бюджет жүктемесі артып, баға шарықтайды. Инфляциялық қауіп артық көлемдегі жинақтардың жоғары деңгейінде кейінге қалдырылған тұтынушылық сұранысты күшейтеді. Пандемия кезінде америкалық тұтынушылар 1,6 триллион доллар жинап, енді соны жұмсауға көшті.

 

Жаңа басып шығарылған қағаз ақшаның көлемді ағыны америкалық валютаға үлкен соққы болды. Күн сайын арзандап жатқан доллар инвесторлар үшін тартымдылығынан айырылуда. 2020 жылы ол еуромен салыстырмалы түрде алғанда 0,8934-тен 0,8149-ға дейін, шамамен тоғыз процентке құлдырады. 2021 жылы тағы бес-алты процентке әлсіреуі мүмкін.

 

Тағы бір фактор – бюджетке қысым. 2020 қаржы жылында оның тапшылығы 16,1 процентті (3,1 триллион доллар) құрады. Бұл үкімет ауқымды әскери шараларға үлкен көлемде қаражат бөлген 1945 жылдан бергі ең жоғарғы көрсеткіш.

 

Әйтсе де федералды резерв жүйесі экономикалық мақсаттарға қол жеткізуде айтарлықтай ілгерілеу байқамайынша пайыздық мөлшерлемені арттырмайтынын мәлімдеді.

 

"Қарсы күрес жүргізудің нақты жоспары керек. Салықтық-бюджеттік саясатты анықтайтын тұлғалар олардың шешімдері кімге зиян келтіруі мүмкін екенін түсінулері керек. Америкалықтардың 87 проценті бағаның өсіп жатқанына алаңдап отыр. Пауэлл мырза инфляцияның күрт өсуін мойындап, мұны уақытша кедергі деп бағалауын доғаруы керек", - деп мәлімдеді сенатор Рик Скотт.

Экономистер Федералдық резерв жүйесі қор нарығындағы проблемаға да алаңдамай отырғанына наразылық танытуда. Аса төмен пайыздық мөлшерлемені қолдау және теңгерімді айына 120 миллиард долларға арттыруды жалғастыру арқылы нарықты одан бетер шарықтату қаупі туындап отыр.

 

Бұл тек америкалықтардың емес, бүкіл әлемнің алдында проблема пайда болуына алып келеді деп ескертті Deutsche Bank аналитиктері. Германия инфляция алдағы бірнеше жыл бойы сақталып, 2023 жылы дағдарысқа алып келуі ықтимал деп санайды. Сарапшылардың айтуынша, ең алдымен дамушы елдер зардап шегеді. Жетекші экономикалардағы ақшаның құнсыздануы мөлшерлеменің артуына қатысты инвесторлардың үмітін күшейте түседі. Бұл  мемлекеттік облигациялардың табысын арттырып, соның салдарынан алынған қарыз-берешек қымбатқа түседі.

 

Экономистер түсіндіргендей, дамушы нарықтар үшін жаһандық қалыпқа келудің басталуы үлкен қауіпке айналады: Оңтүстік Африка мен Бразилияда қарыз құны қауіпті деңгейге жақындап қалды. Ал бұл елдердегі мемлекеттік қарыз онсыз да тұрақты емес.

 

Бай мемлекеттер пандемия кезінде өте төмен мөлшерлеме бойынша қарыз алды. Мысалы, Египет осы жылы ЖІӨ-нің 38%-іне тең қарызды және қайта қаржыландыруы керек және кредитке қызмет көрсету құны – 12,1%. Гана үшін бұл  процент әлдеқайда жоғары - 15%. Бразилияда да дәл осындай жағдай.

 

Capital Economics маманы Уильям Джексонның айтуынша, Бразилия инфляция мен табыс өсімі экономикалық тұрақтылыққа қаншалықты қауіпті екенінің айқын мысалы бола алады.

 

"Бұл мемлекеттік қаржының қысқаруына және Орталық банктің пайыздық мөлшерлемені арттыруына алып келді", - дейді аналитик.

 

Әйтсе де Бразилия, Оңтүстік Африка және Үндістанның шетелдік емес, ішкі қарыз алушыларға сеніп отырғаны жағдайды біршама жеңілдетеді. Бұл капиталдың жылыстауы жағдайындағы әлсіздікті төмендетіп отыр.

 

Ал Ресей бұл мәселеде біршама тұрақты: федералдық қарыз облигацияларындағы бейрезиденттер үлесі өте аз. Орталық банк мәліметі бойынша, мамырда – он процент. ФҚО иелерінің 80%-і – отандық инвесторлар, банктер мен зейнетақы қорлары. Ал бейрезиденттер – отандық ірі банктердің шетелдегі еншілес мекемелері. Бұл санкциялық та, инфляциялық та қауіптерден сақтандыра алады.

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 532    Пікірлер: 0

сейсенбі, 22.06.2021, 00:05

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Қыркүйек, 20:36
    TEDxAstana конференциясы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30