АҚШ-та мұнай қорының азаюына байланысты баға көтерілді

03 маусым 2022, 16:28

Өткен аптада АҚШ-тағы коммерциялық мұнай қоры 5,07 миллион баррельге азайып, 414,73 миллион баррельге дейін төмендеді. Бұған елдің энергетика министрлігінің апта сайынғы баяндамасы дәлел болып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат turan.az сайтына сілтеме жасап.

Сарапшылар мұнай қоры 2,1 миллион баррельге дейін төмендейді деп болжаған. Сейсенбі күні сауда-саттық барысында Еуропа Одағы елдерінің басшылары Ресей мұнайының импортына ішінара тыйым салуға келіскендігі туралы хабарламаға байланысты мұнай бағасы көтерілді. Бейсенбі күні ОПЕК + отырысында қатысушылар жоспарланған 432 мыңның орнына шілде мен тамыз айларында мұнай өндіруді тәулігіне 648 мың баррельге арттыру туралы шешім қабылдады. Сарапшылар қазір шілде мен тамызға жоспар мақұлданған деп есептейді. Қыркүйекке қатысты мұнай өндірудің нақты жоспары әзірге жоқ. Лондондағы ICE Futures биржасында Brent сортының тамыз фьючерстері 22:25-ке қарай 0,89-ға қымбаттап, 117,52 долларға жетті. Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) шілде айындағы фьючерс құны осы уақытта 0,86-ға артып, 116,49 долларға қымбаттады.
ҚазАқпарат