Ақша айырбастау пунктерінде доллар бағамы төмендеді

04 тамыз 2022, 09:45

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар бағамы сәл төмендеп, 475- 479 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Нұр-Сұлтанда 1 доллар 474 – 479 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 475 – 480 теңге аралығында құбылып тұр.

3 тамыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,42 теңгеге қымбаттап, 476, 07 теңге болған.

Ұлттық банктің 4 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 476, 27 теңге.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7,4 – 7,8 теңге аралығында саудаланып жатыр.