Нарық

«Ақшамызды төлесін»: Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр

  • «Ақшамызды төлесін»: Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр

    «Ақшамызды төлесін»: Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр

Бірақ биыл өлген сиыр саны тым көп. Баққан малын не азық қыла алмай, не пайдаға жаратпай ашынған ауылдықтар мұны іргеде пияз егетін шаруашылықтан көріп отыр.

Атырау облысында мал қырылып жатыр. Индер ауданындағы ірі қараның неден арам қатқаны әзірге белгісіз. Тұрғындар ауыл іргесіндегі пияз алқабынан уланды деп күдіктенеді. Ал бақша шаруашылығымен айналысқан кәсіпкер өзіне шаң жуытқысы жоқ. Төрт түлікпен тұрмысын бүтіндеп отырған жұрт енді өтемақыны кімнен дауларын білмей дал, деп хабарлайды КТК арнасына.

Индер ауданына қарасты Жарсуат пен Құрылыс ауылында малдың қырылуы жыл сайын қайталанады. Бірақ биыл өлген сиыр саны тым көп. Баққан малын не азық қыла алмай, не пайдаға жаратпай ашынған ауылдықтар мұны іргеде пияз егетін шаруашылықтан көріп отыр.

"Былтыр да екті. Сол пияз жиналмай қалды. Былтыр 3-4 бас өлген болар. Сол кезде ескерту алды. Мұфтолла бізге ақшасын төлесін. Сотқа арызданайын деп отырмыз, осы ауылдың кісілері. Ақшамызды төлесін. Қалай күн көреміз енді?", - дейді Жарсуат ауылының тұрғыны Берікқали Әзірбаев.

Тұрғындар сиырдың қырылуын пияздан, дәлірек айтқанда сол пиязға шашылған дәріні жеп өлді деген сенімде. Бірақ бақша иесі мұны жоққа шығарды. Тіпті жала жабылды деп ақталуға тырысты.

"Ол су ішпегеннен өлді! Ана пиязды жегеннен кейін ішті қыздырады. Шөлдетеді. Суды ішейін деп барса, өзен қатып жатыр. Оны халықтың өзі ою керек еді. Өз малын суарып тұру керек еді", - дейді шаруа қожалығының басшысы Мұфтолла Құлбасов.

Ауданның мал дәрігерлерінен құралған топ осы уақытқа дейін жайылымнан 13 сиырдың өлексетін тапқан. Ал аулада ауырып тұрған ірі қара саны он шақты дейді.       

"Өлген малдан сынама алынып, облыстық мал дәрігерлік зертханасына жолданды. Бір аптаның ішінде қорытындысы шығады. Қорытынды шыққаннан кейін жергілікті тұрғындарға, БАҚ-на, хабарлама береміз. Қорытындысымен нақты шара қабылданатын болады", - дейді Индер ауданы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов.

Аудан әкімінің орынбасары арам қатқан сиырдың қожайындарына өтемақы төлеу мәселесін зертхана қорытындысы шыққан соң арнайы коммисия құрып қарастырмақшы. Шаруа қожалықтарының иелері: "Тұрғындар бізден ештеңе дәметпесін, малдар шөлден өлген" - деп кесіп айтты. Ал пияз қалдығы үйіліп жатқан алқапта сиырлар әлі жайылып жүр.




Көрілген: 1004    Пікірлер: 0

сейсенбі, 24.11.2020, 12:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Қаңтар, 12:04
    Доллар бағамы өсті
    19 Қаңтар, 12:05
    Доллар бағамы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31