Нарық

Ақтауда заңсыз салынған 20 тұрғын үйдің құрылысы тоқтап тұр

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Ақтауда салынып жатқан 69 үйдің 20-ның құрылысы заңсыз басталған. Сондықтан жұмысы тұралап тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жалпы, былтыр өңірде 1 млн 200 мың шаршы метр тұрғын үй, яғни 10 мыңға жуық пәтер пайдалануға берілген.

Құрылысшылармен кездескен облыс әкімі Серікбай Трұмов жауаптыларға осы мәселені шешуді тапсырды. Мұндай олқылық жасағандар заң алдында жауап беруі мүмкін.

Сондай-ақ, жаңадан салынатын тұрғын үйлердің сапасы мен сыртқы көрінісі талапқа сай болуы шарт.

«Қоқысты да кез келген жерге тастамау керек. Әлі іргетасы құйылмаған тұрғын үй үшін тұрғындардан ақша алу да өрескел қате»-, деді өңір басшысы.

Серікбай Трұмов құрылыста еңбек етіп жүрген кәсіпкерлерге рахметін айтып, алдағы уақытта салынатын үйлердің сапасына қатты мән беруді тапсырды.

«Келесі салынатын үйлердің барлығы заң талаптарына сай болу керек. Сараптамадан өткен, барлық жергілікті атқарушы органмен келісілген жобаларға ғана рұқсат беріледі»,-деді Серікбай Трұмов.

 




Көрілген: 432    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.01.2020, 14:38

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29