Нарық

Ақылы жолмен жүрудің құны қанша?

  • Ақылы жолмен жүрудің құны қанша?

    Ақылы жолмен жүрудің құны қанша?

Ақылы жолдарға не үшін ақы төлейміз? Оның құны қанша болады? 7kun.kz осы сауалдарға жауап іздеп көрді.

Жаңа жылдан бастап Қазақстанда үш автожол ақылы болады. Елімізде жол құрылысына көп шығын кетеді. Жолды күтіп-баптау, мезгіл сайын жөндеу жұмыстарын жүргізу де қаржыны қажет етеді. Сондықтан елімізде белгілі бір жүріп өту төлемін талап ететін ақылы жолдар пайда болды.


Әлем бойынша төлем жүйесі қандай?


Әлемнің 30-дан астам елінде ақылы жолдар бар. Төлем жүйесі әр елде әр түрлі. Жалпы, әлем елдеріне ортақ төлемақы жасаудың үш түрлі жүйесі қалыптасқан. Олар: ашық, жабық және гибрид жүйе.


Ашық жүйеде жүріп өту төлемақысы радиоэлектрондық белгілер немесе бағытталған шот арқылы төленеді. Мұндай жолдарда көлік қозғалысы тоқтаусыз жүзеге асырылады.


Ал жабық жүйеде ақылы жолдан шығар барлық жол шлагбауммен жабдықталады. Ақылы жолдан шығарда жол жүру деректері тексеріліп, тиісті төлемақы жасалады. Жабық жүйе бойынша көп елде төлем қолма-қол алынады.


Гибрид жүйеде ашық және жабық жүйе қатар қолданылады.


Ресейде төлем өндіріп алу ең қарапайым әдіс — жабық жүйемен жүргізіледі. Ал Шығыс Азияның дамыған елдерінде гибрид жүйе қолданылады. Германияда төлемақы жинау бойынша айрықша озық технология бар. Ол оңайлатылған тәсіл — ашық жүйеге негізделген.


Ақылы жолдың құны қанша?

Елімізде алғашқы ақылы жүйе Астана – Щучье бағытындағы тасжолға енгізілген болатын. Осы жол алғашқы жылы миллиард теңге көлемінде пайда тапса, биыл 1,2-1,3 млрд теңге көлемінде кіріс әкеледі деген жоспар бар.Сонымен бірге І дәрежелі Астана – Петропавл жолы да ақылы негізде пайдаланылады.


Жолдарды ақылы ету мақсатында 2015 жылы “Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (жол учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы” Заң қабылданған болатын.Заң бойынша жолдың бір бағыты үшін бекітілген төлем құны төмендегідей:


жеңіл автокөлік (егер жергілікті транспорт болса) – 100 теңге;

жеңіл автокөлік (транзит) – 200 теңге;

16 орындық автобус пен 1,5-2 тоннаға дейін жүк көтере алатын екі осьті жүк көлігі – 1000 теңге;

32 орындық автобус пен 5,5 тоннаға дейін жүк көтере алатын екі осьті жүк көлігі – 2100 теңге;

32 орындықтан көп автобус пен 10 тоннаға дейін жүк көтере алатын екі осьті жүк көлігі – 3100 теңге;

10-15 тоннаға дейін жүк көтере алатын үш осьті жүк көлігі – 4200 теңге;

15 тоннадан артық жүк көтере алатын жүк көлігі – 5200 теңге.




Төлемақы қалай жасалады?

Қазақстандағы ақылы автомагистральда гибрид жүйе қолданылады. Қалааралық жолдарды пайдаланатын автомобильдер үшін төлем Астана және Щучье қалаларына жақын аймақтарда жүргізіледі. Ақылы жолды пайдалану үшін төлемақыны бақылау аркалары есептейді. Әзірге ақылы жолда бес төлем аймағы бар.Ақыны түрлі тәсілмен өтеуге болады. Бұл жүргіншілерге ыңғайлы болуы үшін жасалған. Ақылы жол үшін төлемді:


Қағаз ақшамен;

Тиын ақшамен;

Банк карталарымен;

NFC технологиясының көмегімен (NFC технологиясын қолдайтын банктік карта, мұнда пин код енгізусіз төлем жүргізуге мүмкіндік бар);

Qiwi және “Касса 24” терминалы арқылы (КҚ нөмірлік белгісіне баланс толықтыру);

Абонент төлемақысы көмегімен жасауға болады.




Не үшін ақы төлейміз?


Ақылы автомобиль жолын жасау – автомагистраль, көпір және туннельдердің құрылысы мен жөндеу жұмыстарын қаржыландырып, пайдаланудың сапасын жоғарылатуды қамтамасыз етудің тиімді тәсілі.Ақылы жолдардың салынуы еліміздің қазынасынан жолды күтіп ұстауға бөлінетін шығынды азайтады. Келешекте еліміздің ақылы автожолдарының қатары көбейеді.Қазақстандағы ақылы автомагистральдардан жиналған қаражат:


автомагистральдің өз шығынын өзі өтеуіне;

бюджетке жүктемені азайтуға;

сервисті дамытуға;

автомагистральдің сапасын көтеруге жұмсалады.

Еске сала кетейік, алдағы уақытта Астана – Теміртау, Астана – Павлодар, Алматы -Қапшағай, Алматы- Хоргос автожолдарын ақылы ету жоспарда бар. 




Көрілген: 1916    Пікірлер: 0

жұма, 23.11.2018, 13:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31