Нарық

Алакөл 13 маусымнан туристерді қабылдай бастайды

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Жетісудың маржанына айналған айдынды Алакөл жағалауындағы демалыс орындары 13 маусымнан туристерді қабылдай бастайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Қазір онда дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Осы уақытқа дейін бұл ауданның аумағында 7 адамның коронавирус індетін жұқтырғаны анықталды. Олар дәрігерлердің жіті бақылауда.

 

«Жағдай күрт өзгермесе, шомылу маусымы уақытында ашылады», - деді Алматы облысының бас санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетов.

 

Өткен жылы Алакөлдің Алматы облысындағы бөлігіне 2 миллионнан астам турист келді. Оларға 200-ге тарта демалыс орны қызмет көрсетті.

 

«Алматы – Өскемен» тас жолында жөндеу жұмыстары жүріп жатқандықтан, облыс орталығы Талдықорғаннан көл жағалауына күніне 4 рет ұшақ қатынайтын болады.

 

Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары да ішкі әуе рейстерінің көмегіне жүгіне алады.

 

Ал темір жолмен саяхаттағанды жөн көретіндер үшін Алакөл ауданының үстімен өтетін пойыздарға қосымша вагондар шығарылады.

 

Қайрат Баймұхамбетов, облыстық тауарлардың қауіпсіздігі мен көрсетілетін қызмет сапасын бақылау департаментінің басшысы:

 

- Қазіргі кезде ол жерлерде дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жағалауды тазалап, құмды тазалап, жататын орындардың арасы 2 метрден алыс болу керек, дайындалып жатыр. Бірақ келіп-кететін кісілерді әлі қабылдамайды. 13 маусымнан бастап жағалау жұмыс істейді. Ол тек қана біздің облысқа ғана қатысты емес, ол Шығыс Қазақстан облысына да қатысты.

 




Көрілген: 498    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.06.2020, 09:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31