Алдағы 5 жылда 200-ден астам жаңа мамандық пайда болады

24 қараша 2022, 18:57

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек алдағы 3-5 жылда 200-ден астам жаңа мамандық пайда болатынын айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі министрліктің Telegram-арнасына сілтеме жасап.

«Қазақстанда келесі 3-5 жылда 200-ден астам жаңа мамандық пайда болады. Оның 40-ы қазір 15 ЖОО, 40-тан астам колледжде сабақ беріледі. Төрт мыңнан астам студент жаңа мамандық бойынша дәріс алуда. Ал 95 мамандық өкінішке орай күрт өзгереді  "Мамандықтар атласы" жобасында осы мамандықтарды қарап шықсаңыздар болады", - деді министр.

 

Одан өзге, министр 120-дан астам мамандықтың еңбек нарығынан кетеінін айтты.

 

«Мамандықтар атласы» жобасы жайлы мына жерден көре аласыздар.