Нарық

"Алдағы көктемде қымбатшылықтан бәрібір құтылмаймыз": Қазақстанда азық-түлік бағасы өсіп жатыр

  • "Алдағы көктемде қымбатшылықтан бәрібір құтылмаймыз": Қазақстанда азық-түлік бағасы өсіп жатыр

Елімізде картоп пен сәбіз, қарақұмық және қанттың бағасы қымбаттаған. Көкөніс құнының көтерілуіне министрлердің айтуынша, биылғы егістік алқабының қысқаруы себеп. Карантин шектеулері мен биылғы құрғақшылық та шаруаларға ауыр тиген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.


Биыл жыл басынан бері маңызды азық-түлік түрлерінің бірқатарының бағасы 4,4 пайызға өскен. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, пандемия кезіндегі тасымалдың қиындығы, оның үстіне биылғы құрғақшылық жағдайды қиындатып жіберген. Соның кесірінен кей шаруаларда егіс алқабы екі есеге дейін қысқарды. Шаруалар бұл қиындықты мойнымен көтеруге әзір. Бірақ қымбатшылық көкесі алда екенін қазірден-ақ айтып отыр.

"Кез келген жағдайда біз бағаны көтермейміз деп сауда орындарымен келістік. Өйткені елдің жағдайын түсініп отырмыз. Бірақ, алдағы көктемде қымбатшылықтан бәрібір құтылмаймыз. Ол кезде баға биыл көктемдегіден әлдеқайда жоғары болады", - деді шаруа қожалығының иесі Андрей Стрелец.

Министрлердің айтуынша, биылғы негізгі азық түрлерінің қымбаттауы карантин шектеулерінің алғашқы кездеріне сай келіпті. Осылайша пандемияның біраз зардабы тиген. Қазір қайта бағаның тұрақтаған кезі екен.

Осы уақытта қала базарларында қарақұмық келісі 400-ден, қант 250 теңгеден сатылып жатыр. Төрт жарым пайызды есепке шақсақ, жыл басынан бері ай сайын қарақұмық 2 теңгеге, қант 1 теңгеге қымбаттап отырған.

Қымбаттаған көкөніс қана емес. Картоп пен қарақұмықтан бөлек, қант, ұн, ет, май, сүт өнімдері де бұрынғысына біраз құн қосып алған. Жағдайға алаңдаған шенеуніктер осы бастан өңірлердегі азық-түлік қорын толтырып жатыр. Әсіресе картоп өндірісін жылына 4 миллионнан 7 миллион тоннаға дейін арттырмақ.

"Тұрақтандыру қорларының қызметіне келетін болсақ, осы жылдың басынан бастап олардың қорларынан 8,3 мың тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары өткізілді. Бұл ретте тұрақтандыру қорларына 38,2 мың тонна азық-түлік, оның ішінде 21,2 мың тонна ұн, 6,5 мың тонна қант, 3,1 мың тонна картоп, 2 мың тонна макарон, 1,7 мың тонна күріш, 700 тонна қарақұмық және басқа да азық-түлік түрлері сатып алынды", - деді ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров.

Құны шарықтамай тұрған тек тұз, жұмыртқа, тауық еті мен күріш екен. Сондай-ақ биыл ең арзаны қырыққабат болып тұр. Оның себебі де белгілі. Көктемде Түркістан облысы шаруаларының тонналаған қырыққабаты шекара аспай қалып, арзан бағамен ел ішіне тараған.




Көрілген: 356    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.09.2020, 10:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Қыркүйек, 18:20
    Жалақымен баюға бола ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30