Нарық

Алдағы уақытта жанармай тағы қымбаттайды - энергетика министрі

  • Алдағы уақытта жанармай тағы қымбаттайды - энергетика министрі

    Алдағы уақытта жанармай тағы қымбаттайды - энергетика министрі

Энергетика министрлігі жанармай бағасын тұрақтандыра алмайды. Мағзұм Мырзағалиев тіпті бензин алдағы уақытта қымбаттауы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.

“Біз екі мәселені миымызда ұстауымыз керек. Ең біріншіден, әлемдік Брент бағасына тәуелділігі. Екіншіден, біздің көрші елдердегі қалыптасқан бағадан айырмашылық үлкен болмауы тиіс”, – дейді Мырзағалиев. 

 
Биыл еліміздің бірнеше өңірінде жанар-жағармай бағасы қымбаттады. Ол бірінші кезекте мұнай өңдеу зауыттарының жөндеуге жабылуымен байланысты. Енді мұндай жағдайдың алдын алу үшін зауыттар үш жылда бір рет қана күрделі жөндеуден өткізіледі. Энергетика министрі мұны бақылауда ұстаймыз деп отыр.

Биыл Павлодардағы мұнай өңдеу зауыты жөндеуге уақытша жабылып, артынша жанармай бағасының күрт қымбаттауына байланысты мерзімінен бұрын қайта ашылған. Елде жанармайды тұтыну көлемі жыл санап артып келеді. Сондықтан оны өндірушіден бастап тасымалдаушыға дейін бақылау күшейеді деді министр Мырзағалиев.

“Алдағы жылдан бастап жанармайдың тасымалдауына, оның қайда кетіп жатқанына жіті мән береміз. Сондай-ақ елде жанармайдың қорын жасақтау керек. Біз жауапты компаниялармен ақылдасып, жыл соңына дейін мәселенің шешімен табуға тырысамыз”, – дейді ҚР энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев.

Stan.kz




Көрілген: 1656    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.11.2021, 22:50

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Желтоқсан 2021
    Доллар бағамы төмендеді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31