Нарық

Алдыға қадам баса алмаймыз: Цифрлық даму министрі Қазақстандағы қағазбастылықты сынға алды

  • Алдыға қадам баса алмаймыз: Цифрлық даму министрі Қазақстандағы қағазбастылықты сынға алды

    Алдыға қадам баса алмаймыз: Цифрлық даму министрі Қазақстандағы қағазбастылықты сынға алды

"Digital Almaty 2021- Жаһандық экономиканың цифрлық болашағы" атты халықаралық форумында цифрлық даму инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин барлық цифрлық жұмыстарды бір платформада жүзеге асыру керек екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Біріншіден көлікті қайта тіркеу мәселесі онлайн түрде қол жетімді екенін айтқым келеді. Екі адам кездесіп, банк қосымшасы арқылы, сатып ала алады және қайта тіркеуден онлайн түрде жүзеге асырады. Адамдарды үйретудің де қажеті жоқ. Осының өзіне қарай отырып, мемлекет платформа ретінде жұмыс істеп, ақпараттар базасын қалыптастырып, бизнесті басқа платформаларға тапсыруы керек", - дейді Бағдат Мусин. 

 
Ол елімізде бір көлікті тіркеу үшін, жүздеген құжатқа қол қою керек екенін айтып, бұл процессті сынға алды. Ол бір платформа жасап, барлық құжатнаманы онлайн форматқа өткізу керек екенін айтты. 

"Қазіргі таңда бізде мемлекет электронды үкіметте көптеген жаңашылдықтар енгізді. Бірақ 500 ақпараттық жүйе жұмыс  жасап тұрған кезде біз алдыға қадам баса алмаймыз. Өйткені ары қарай даму үшін біз платформаланған модельге өтуіміз керек. Белгілі бір бизнес процессті жүзеге асыру үшін 150 құжатқа қол қойдыру керек, бірнеше сервисті пайдаланамыз. Мұл процесті жеңілдету керек. Ол үшін бизнес процестерді үйде отырып-ақ жүзеге асыратын платформа қажет. Ешқандай артық қаражат та кетпейді, уақыт та шығындамайды. Біз мемлекет ретінде бір платформа жасап, барлығы тек сол жерде жүзеге асырылатындай жағдай жасау керек. Мысалы көлікті қайта тіркеу жарты жыл емес, бір жыл уақытты алатындай болуы керек. Мұны жасау үшін бізге нақты платформалық модельге өту қажет", - дейді Мусин.




Көрілген: 3300    Пікірлер: 0

жұма, 05.02.2021, 17:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30