Нарық

Әлеуметтік прогресс рейтингі: Қазақстан ЕАЭО-да Қырғызстаннан ғана озып тұр

  • Әлеуметтік прогресс рейтингі: Қазақстан ЕАЭО-да Қырғызстаннан ғана озып тұр

    Әлеуметтік прогресс рейтингі: Қазақстан ЕАЭО-да Қырғызстаннан ғана озып тұр

2019 жылдың қорытындысы бойынша әлем елдерінің әлеуметтік прогресс рейтингісі жарияланды, деп хабарлады Ranking.kz.

Рейтинг көшбасшысы - Норвегия. Жалпы ұпай саны - 90,95. Одан кейін Дания (90,09) және Швейцария (89,89) келеді. Ал алғашқы ондыққа Финляндия, Швеция, Исландия, Жаңа Зеландия, Германия, Канада және Жапония енді.

Қазақстан 149 елдің ішінде 69-шы орынға жайғасты. Ұпай саны - 68,2. Еуразиялық экономикалық одақ бойынша Қазақстан тек Қырғызстаннан (81-ші орын) озып кетті. Беларусь 48-ші, Армения — 59-шы, ал Ресей 62-ші орында тұр.

Негізгі көрсеткіштер

Рейтинг жасау кезінде әрбір елдің әлеуметтік прогресс саласындағы барлық жетістігі есепке алынды. Осы орайда, 50-ден астам көрсеткіш ескеріледі. Соның барлығы үш негізгі топқа енгізілген.

Адамның негізгі қажеттіліктері — тамақтану, медициналық көмек, су, электр энергиясы мен санитарлық қызметтердің колжетімді болуы, баспанамен қамтамасыз ету және жеке қауіпсіздік деңгейі;
Адамның аман-саулығына қажетті жағдайлар — базалық білім, ақпарат пен коммуникация құралдарының қолжетімді болуы, қоршаған орта сапасы, сауаттылық және денсаулық сақтау саласының деңгейі;
Адамның даму мүмкіндіктері — жеке және азаматтық бостандықтар деңгейі, адамның өз әлеуетін және шешім қабылдау бойынша негізгі құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз ету.

Қазақстан әрбір топта қанша ұпай жинады
Рейтингте әрбір мемлекеттің жеке топтар бойынша жинаған ұпай саны мен алған орны көрсетілген. Қазақстан "адамның негізгі қажеттіліктері" тобында 85,39 ұпай жинап, 57-ші орыннан көрінді.

Ал "адамның аман-саулығына қажетті жағдайлар" жасау жағынан 70,36 ұпаймен 68-ші орынға ие болды. Бұдан бөлек, "адамның даму мүмкіндіктерін" 48,84 ұпайға жасап, 87-ші орынға шықты.

Қазақстанның әлеуметтік салада жоғары баға алған көрсеткіштері:

  • Тамақтану мен базалық медициналық көмек – 94,93;
  • Базалық білімнің қолжетімді болуы – 94,73;
  • Су мен сантирия - 93,21;
  • Баспанамен қамту – 87,63;
  • Ақпарат және коммуникацияның қолжетімді болуы – 76,24.

Қазақстанның әлеуметтік салада төмен баға алған көрсеткіштері:

  • Инклюзивті жағдай жасау – 31,20;
  • Жоғары білімнің қолжетімді болуы – 46,23;
  • Қоршаған орта сапасы – 49,57;
  • Жеке құқықтар – 51,47;
  • Денсаулық пен аман-саулық – 60,89.

sputniknews.kz

 




Көрілген: 432    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.01.2020, 14:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31