"Алматы жастары" тұрғын үй бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталады

12 мамыр 2022, 18:11

Алматылық жастар 18 мамырдан бастап "Алматы жастары" тұрғын үй бағдарламасы бойынша өтінім бере алады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесу барысында айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

"Алматы жастары" бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау 18 мамырда басталып, 1 маусымға дейін жалғасады.

 

Бағдарлама аясында қатысушыларға жеңілдетілген 5%-пен 18 млн теңгеге дейін қарыз беріледі. Жастар жаңа үйлерді де, екінші нарықтағы үйлерді де сатып ала алады.

 

Бастапқы жарна – қарыз сомасының 10%-і, несиелеу мерзімі – 25 жылға дейін.