Нарық

"Алматы жастары" тұрғын үй бағдарламасына өтінім беру қашан басталатыны белгілі болды

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Оңтүстік астанадағы жастардың тұрғын үй проблемасын шешетін "Алматы жастары" бағдарламасына қатысуға өтінім беру 10 наурыздан басталады деп хабарлайды "Отбасы банк" әлеуметтік желідегі парақшасында.

 

"Алматы жастары" бағдарламасына қатысуға өтінім 10-31 наурыз аралығында жүргізіледі. Бағдарлама бойынша несие мөлшерлемесі-5%, бастапқы жарна-10% Қатысуға өтінімді: www.almaty-zhastary.kz сайты арқылы беруге болады", - делінген хабарламада.

 

Сонымен қатар үйреншікті 13 миллионның орнына несие сомасы 18 миллион теңгеге дейін өзгертілгені белгілі болды.

 

Бағдарламаға төмендегі санаттағы мамандар қатыса алады:

 

- Медицина қызметкерлері;

 

- Білім беру қызметкерлері;

 

- Мәдениет қызметкерлері;

 

- Спорт қызметкерлері;

 

- Жоғары оқу орнының қызметкерлері;

 

- Әлеуметтік сала қызметкерлері;

 

- БАҚ қызметкерлері;

 

- Құқық қорғау органдарының қызметкерлері.

 

Қаржы ұйымының мәліметінше, биыл бюджеттік ұйымдардың барлық қызметкерлері де бұл бағдарламаға қатыса алады. Мысалы, егер өткен жылы мектепте жұмыс істеген бухгалтер қатыса алмаса, биыл оның өтініш беруге мүмкіндігі бар.

 

Негізгі талаптар:

 

* Алматыда кем дегенде 6 ай жұмыс істеу;

 

* Өтініш берушінің және онымен тұрақты түрде тұратын отбасы мүшелерінің атында соңғы 5 жылда Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында жылжымайтын мүліктің болмауы;

 

* 35 жасқа дейінгі/35 жасқа толған жастар.

 

 

 

kaz.nur.kz




Көрілген: 1059    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.03.2021, 18:23

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30