«Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

15 мамыр 2023, 22:11

Бүгін «Алматы жастары» ипотекалық тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі қалалық Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасына сілтеме жасап жазды.

«Алматы жастары» жеңілдетілген несие беру бағдарламасы шеңберінде өтінімдер мен құжаттарды қабылдау 15 – 31 мамыр аралығында жүргізіледі.

 

Биыл аталған бағдарламаға жергілікті бюджеттен 17 млрд теңге қарастырылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 млрд теңгеге көп. Бұл сомаға кемінде 1100 адамды қамту жоспарланған.

 

Қала әкімдігі мен Отбасы банкінің бірлескен жобасына 35 жасқа дейінгі/толған алматылықтар қатыса алады.

 

Өтінімдер Алматы қаласындағы мемлекеттік республикалық және қалалық ұйымдарда жұмыс істейтін азаматтардың келесі санаттарынан қабылданады:

 

- дәрігерлер мен медбикелер;

- мұғалімдер мен тәрбиешілер;

- әртістер, жазушылар, суретшілер, композиторлар, мәдениет саласының қызметкерлері;

- жаттықтырушылар мен спортшылар;

- университеттер мен ғылыми-зерттеу институттарының оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері;

- әлеуметтік сала қызметкерлері мен қалалық коммуналдық қызмет мамандары;

- құқық қорғау органдарының қызметкерлері (ҚР ІІМ, ТЖД, қалалық прокуратура, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, Экономикалық тергеу департаменті);

- журналистер мен БАҚ қызметкерлері (мемлекеттік және коммерциялық);

 

Үміткерлердің ресми жұмыс өтілі Алматы қаласында соңғы жарты жылдан кем болмауы керек.

 

Сондай-ақ бағдарлама қатысушысы мен оның отбасы мүшелерінің атында кейінгі 5 жылда жылжымайтын мүлік тіркелмеген болмауы тиіс.

 

«Алматы жастары» бағдарламасының шарттары жөнінде толығырақ мына жерден білуге болады.