Нарық

Алматы кәсіпкерлері Ashyq жобасына қалай өтініш бере алады

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Алматы қаласы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн брифингісінде «Ashyq» пилоттық жобасына қатысуға өтінім беру алгоритмдері туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Бүгін Алматы қаласы әкімдігінің сайтындағы тізімде пилоттық жобаға 264 бизнес нысандардың қатысатыны, бір қатысушы өтінімінің өңделіп жатқаны, 92 қатысушы QR-кодын алу сатысында екендігі жарияланған. Пилоттық жобаның арқасында Алматыда қызыл және сары мәртебесі бар 19 келуші анықталды. Жалпы, 17 қаңтардан 5 сәуірге дейін республика бойынша қызыл мәртебесі бар 273 азамат анықталды»,-дейді спикер.

 

Айтуар Қошмамбетов «Ashyq» қосымшасымен жұмыс істеу үшін кәсіпкерлердің қандай кезеңдерден өтулері тиіс екенін атап өтті.

 

«Ол үшін Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасына Яндекс платформасындағы үлгіні толтыру арқылы өтінім беру қажет. Өтінім беруге арналған сілтемені біздің «Бизнес штаб Алматы» телеграмм-арнасынан табуға болады.Барлық өтінімдер берілгеннен кейін экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші сәйкестігі тексеріліп, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларымен келісіледі. Бұдан әрі тексеру мен мақұлдаудан кейін берілген өтінімдер QR-код жүктеуге рұқсат беруге жіберіледі. Рұқсат алғаннан кейін өтінім берушілер электронды платформада QR код алу нұсқаулығына сәйкес QR-кодты InfoKazakhstan.kz сайтынан жүктей алады»,- деді Айтуар Қошмамбетов.

 

Жаңадан қатысушылар бір апта бойы білімдерін жетілдіреді әрі тестілік режимде жұмыс істейді.

 

«Бір аптадан кейін тестілік режим негізінде жаңадан қатысушылар әкімдік сайтындағы тізімге енгізіледі. QR жүктеуге рұқсат беруге өтінімдері бір күнде 2 рет сағат 12.00 және 18.00-де жүргізіледі. Әкімдік сайтындағы қатысушылар тізіміне енгізу аптасына 2 рет сейсенбі және бейсенбі күндері жүргізіледі»,- деді Алматы Кәсіпкерлер палатасының директоры.

 

Нысан экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші кодына сәйкес келмесе немесе кәсіпкерлік субъектінің жұмысына тыйым салынса, онда «Ashyq» жобасына қатыспайды.

 

«Бүгінгі күні кинотеатрлардың иелері қосымшаны бастау үшін жиі хабарласады. Бұл мәселе қаралуда, жаңа қаулы шыққан жағдайда кинотеатрлар «Ashyq» жобасы бойынша жұмыс істейтін нысандар тізіміне енгізілуі мүмкін»,- деді ол.

 




Көрілген: 785    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.04.2021, 17:53

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31