Нарық

Алматы мен Нұр-Сұлтанның арасын 4 жолақты жол жалғайды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Соңғы 10 жылда елдегі сапасы нашар жолдар 40 пайыздан 12 пайызға азайған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифиингте «QazAvtoJol» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ұлан Әліпов осылай мәлім етті.


«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ұзындығы 4,4 мың шақырымнан асатын 14 жобаны жүзеге асыру алдағы күннің міндетіне кіріп отыр. Аталған жобаларға 18 мың адам мен 12 мың жуыққа техника жұмылдырылған», - дейді компания басшысы.


Соның арқасында Орталық-Оңтүстік, Орталық-Шығыс, Орталық-Батыс, Орталық-Солтүстік дәліздерінде жол сапасы жақсармақ.


«Халықаралық дәліздермен қатар шекара маңындағы бағыттарға да басымдық беріледі. Оған Алматы-Өскемен, Үшарал-Достық, Бейнеу-Ақжігіт, Қалбатау-Майқапшағай, Ақтөбе-Атырау-Ресей шекарасы бағыттары кіреді. Қазіргі уақытта мердігерлік шарттарға қол қойылып, дайындық жұмыстары жасалып жатыр», - деді Ұлан Әліпов.


Қазақстан жолдарын жөндеуге шетелдік инвесторлар да қаржы құйып отыр.


«Мемлекеттік емес қарыз есебінен мемлекеттік кепілдікпен Еуропа қайта құру және даму банкімен және Қытайдың «ЭКСимБанкімен» келісім жасалды. Тартылған қаражаттың есебінен Талдықорған-Өскемен (763 шақырым), Қалбатау-Майқапшағай (415 шақырым), Меркі-Бурылбайтал (266 шақырым), Күрті-Бурылбайтал (143шақырым) учаскелерінде жұмыстар жүріп жатыр», - деді Ұлан Әліпов.


Оның айтуынша, «QazAvtoJol» ұлттық компаниясы өз стртегиясын қайта қарап жатыр.


Бұдан былай негізгі басымдық адам қауіпсіздігіне берілетін болады. Сол үшінде Нұр-Сұлтан мен Алматының арасын жалғайтын республикалық маңыздағы жолдардың бәрін 4 жолақты, бірінші дәрежелі жолдарға айналдыру көзделген. Біз қазір қоғамның стратегиясын қайта қараймыз. Ал жол бойындағы адам өлімін мүлде жою үшін Zero Vision жүйесі енгізілмек.


 




Көрілген: 1173    Пікірлер: 0

жұма, 19.07.2019, 20:50

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31