Нарық

Алматы мен Шымкентте қарасорадан қағаз өндіріледі

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Қазақстанда техникалық қарасора шикізатынан қағаз жасау тәжірибесі қолға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қанат Байытов елордада өткен «Целлюлоза-қағаз өнеркәсібі мен қаптама индустриясын дамыту форумында» айтты.


Комитет басшысының айтуынша, қазіргі уақытта елімізде қағаз өнімдерін жасауға шикізат тапшы. Осыған байланысты, министрлік арнайы өсірілген қарасора шикізатын пайдалануды қолға алды.


«Бұл жұмысты 2016 жылдан бері жүргізіп келеміз. 2017 жылы өнеркәсіптік тәжірибемізде қарасора өсірдік және одан Жапонияда өте сапалы целлюлоза жасалды. Енді зауыт құруға қажетті қаржылық-экономикалық көрсеткіштерді есептеп жатырмыз. Өздеріңіз білесіздер, доллар валютасы техникалық қарасорадан жасалады. Егер ағаш 20-25 жылда өссе, қарасора 100 күнде өсіп шығады. Алматы мен Шымкентте қарасора өсіріп көрдік және қазір де айналысып жатырмыз. Бұл - шикізатпен қамтамасыз ету бойынша стратегиялық міндет», - деді Қанат Байытов.


 




Көрілген: 623    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 29.05.2019, 17:19

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30