Нарық

Алматы метросы қай бағытта дамиды

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Алматыда метрополитеннің даму сызбасы таныстырылды. Қаланың бас жоспарында 60 метро бекеті қарастырылған, ал маршруттың ұзындығы 91,6 шақырымды құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Алматының Бас жоспарын түзетуді талқылау барысында «Алматыгипрогор-1» компаниясы бас директорының орынбасары Алтай Сатыбалдиев метроның даму сызбасымен таныстырды, оған сәйкес бірінші метро желісі 24 шақырымды (жалпы 22 станция) қамтуы керек.

 

Бүгінгі күні 9 станция (11,2 шақырым) пайдалануға берілді.

 

Екінші желі 18 бекетті (29,2 шақырым), үшінші желі - 18 бекетті (27,2 шақырым) қамтамасыз етеді.

 

Метро жолдары салынған сызбада бірінші желінің «Қалқаман» шағынауданындағы Батыс автовокзалынан бастап Қапшағайдағы Gate City қалашығына дейін жалғасып жатқанын көруге болады.

 

Картадағы екінші метро желісі көк түспен белгіленген және ол Алтын Орда ауданынан басталып, әуежай аймағында дейін созылған.

 

 

Үшінші желі жасыл түспен боялған. Ол әуежайдан «Хан-Тәңірі» тұрғын үй кешеніне дейін жалғасады (әл-Фараби даңғылынан жоғары).

 

Іс-шара барысында сарапшылар мен қоғам белсенділері бұл жобаның 2030 жылға дейін жүзеге асырылады дегенге күмәнмен қарады. Себебі, мынандай ауқымды жобаға уақыт тым аз.

 

«Біз метроның бірінші желісін 2030 жылға қарай жүзеге асырамыз деп отырмыз. Егер метрополитенді жүйе ретінде алсақ, онда ол үш желі болғанда ғана жұмыс істейді. Бұл үшбұрыш. Яғни, жолда тұрған адам кез келген уақытта басқа жолға ауыса алады: екінші немесе үшінші желіге. Көк, қызыл, сары», - деді «Алматыгипрогор-1 « директорының орынбасары Алтай Сатыбалдиев.

 

Сонымен қатар, ол метрополитенді бас жоспарда не үшін пайдалану керектігін түсіндірді.

 

«Біз дәліздерді салып жатырмыз, өйткені қала дамиды. Егер метро станциялары белгілі болса, онда біз қала құрылысы жоспарында аумақты метрополитенді ескере отырып дамытамыз. Метро желісі 15 жылдан кейін пайда болуы мүмкін, бірақ біз мұны ескеруіміз керек», - деп қосты ол.

 




Көрілген: 2068    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.01.2021, 23:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Ақпан, 16:30
    Доллар арзандады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31