Нарық

Алматы облысында атом электр станциясы салынады

  • Алматы облысында атом электр станциясы салынады

    Алматы облысында атом электр станциясы салынады

АЭС құрылысы бойынша нақты шешім әлі қабылданған жоқ, деді энергетика министрінің орынбасары. Қазақстанда Алматы қаласынан үш жүз шақырымдай жердегі Үлкен ауылында атом электр станциясы салынады, деп хабарлады энергетика министрінің орынбасары Мағзұм Мырзағалиев парламент сенатының кулуарында.

Оның айтуынша, АЭС құрылысы бойынша нақты шешім әлі қабылданған жоқ, бірақ қайда салынатыны белгілі болған.


"Біз осы мәселені әрі қарай зерттейміз, бірақ АЭС құрылысы бойынша нақты шешім әлі қабылданған жоқ. Алматы облысында салатын болдық – Үлкен ауылындағы алаңқайда", - деді вице-министр Мырзағалиев.


Оның айтуынша, Қазақстанға ең қолайлы технологияның таңдап алу қажет. Айта кетсек, Үлкен ауылы Балқаш көлінде орналасқан.

3 сәуірде Мәскеу қаласында болған екі ел президенттерінің кездесуінде Владимир Путин Ресейдің Қазақстанда атом электр станциясын салуды ұсынатынын мәлімдеген болатын. Мырзағалиевтің айтуынша, Ресей мен Қазақстан ұзақ жылдар бойы ынтымақтасып келеді, уран өндіру бойынша ортақ жобалары бар.


Бұдан бұрын Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин "Росатом" компаниясы Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын салады деп үміттенетінін айтқан еді.

 




Көрілген: 682    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.04.2019, 12:53

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30