Алматы облысында тас жолды жөндеуге асықпаған мердігер компания жұмыстан шеттетілді

25 шілде 2022, 21:52

Әлеуметтік желіде Көкпек – Кеген – Түп тас жолы учаскесінде жөндеу жұмыстарының жүргізілмеуіне байланысты наразылық білдірген тұрғындардың видеосы жарияланды. "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ бұл жағдайға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған ведомство мәліметінше, жүктелген міндеттемелердің дұрыс орындалмауына байланысты Көкпек – Кеген – Түп тас жолының 58-63 шақырымында құрылыс жұмыстарын жүргізген мердігер ұйыммен арадағы шарт бұзылды.

 

Жаңа мердігер ұйымды анықтау бойынша конкурстық рәсімдер басталды. Мердігер 2022 жылғы тамыздың 20-сында анықталатын болады, содан кейін құрылыс жұмыстары қайта басталады, деп мәлімдеді "ҚазАвтоЖол" ҰК " АҚ баспасөз хатшысы Ләззат Стамғазиева

 

Құрылыс жұмыстары басталғанға дейін жол грейдермен тегістеледі.