Нарық

Алматы супермаркеттерінде картоп пен қанттың мөлшеріне шектеу қойылды

  • Алматы супермаркеттерінде картоп пен қанттың мөлшеріне шектеу қойылды

    Алматы супермаркеттерінде картоп пен қанттың мөлшеріне шектеу қойылды

Алматыдағы "Магнум" супермаркетінде картоп пен қанттың мөлшеріне шектеу қойылды. Бір сатып алушыға әр өнімнен 5 келіден ғана сатып алуға рұқсат етілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Инстаграмдағы krispi_almaty парақшасында супермаркеттен сурет жарияланды. Сатып алушылар дүкен тарапынан қойылған бұл шектеуге наразылық білдірді. "Магнум" супермаркеті шектеудің не үшін қойылғанын түсіндірді. 

"Арам ойлы кәсіпкерлердің алып-сатуын болдырмау үшін бір қолға 5 келіден беріледі", - деп хабарлады дүкен өкілі. 

 Алматы кәсіпкерлер басқармасында ақпаратты растады. 

"Магнум" супермаркеттерінде картоп пен қант сатылымына расында да шектеу қойылды. Мұндай тәжірибе бұған дейін де қолданылды. Бұл әлеуметтік қажетті өнімдермен халықты теңдей қамтамасыз ету және қолжетімді бағаны ұстап тұру мақсатында жасалады", - деп хабарланды мекемеден. 

Басқармадағылардың айтуынша, алып-сатарлар таңғы уақытта өнімнің көп бөлігін сатып алып, өз дүкендерінде қымбат бағаға сатып келген.

Stan.kz




Көрілген: 331    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.11.2021, 15:11

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30