Нарық

Алматыда 102 құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Алматыда 102 құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Өткен жылы қала құрылысын бақылау басқармасы құрылыста сараптамалық және инженерлік жұмыстармен айналысатын мамандарға 1158 мемлекеттік лицензия және 154 анықтама берген.

 

Басқарма таратқан мәліметтерге қарағанда, лицензиялау бағытындағы бекітілген нормаларды бұзу мен біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі және мерзімінен бұрын қайта жаңғыртқаны үшін 102 құрылыс компаниясының лицензиясы тоқтатылды.

 

Белгіленген лицензиялау нормаларын, сондай-ақ құрылыс жұмысын сапасыз жүргізгені үшін «Артемида LTD» және ТОО «CentralAsianHolding» ЖШС жұмысы тоқтатылды.

 

«Алматы қалалық қала құрылысын бақылау басқармасы, ҰҚК және мемлекеттік кірістер департаменті бірлесіп, жалған лицензиясы бар үш компанияны анықтады. Оларды жарамсыз деп тану туралы талап-арыздар берілді» деп хабарлайды басқармадағылар. 2020 жылдың басынан бері талапқа сай жұмыс істемеген алты компания анықталды.

 




Көрілген: 206    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.02.2020, 16:09

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29