Нарық

Алматыда 50-ден астам отбасы мемлекеттен заңсыз қаржы алып келген

  • Алматыда 50-ден астам отбасы мемлекеттен заңсыз қаржы алып келген

    Алматыда 50-ден астам отбасы мемлекеттен заңсыз қаржы алып келген

Бүгінде, Алматыда 8 400 отбасы аталған көмекті алып отыр. Алматыда екінші рет жүргізілген ауқымды тексерістің нәтижесінде 53 жанұяның негізсіз қаржы алып келгені анықталды.Зәулім үйде тұрса да, табысын жасырып, үкіметтен атаулы әлеуметтік көмекті алуға дәмелі отбасылардың қитұрқы әрекеттері біртіндеп әшкере болуда, деп хабарлдайды Almaty.tv тілшісі.


Қаражаттан қағылып қалмас үшін жалған құжат жасап, өздерін мүсәпір етіп көрсеткендер заңсыз әрекеттерін бірден мойындады. Енді олардың барлығы да заңсыз алған ақшаларын қайтаруға міндеттелді.


«Егер біз мұндай тексерісті ұдайы жүргізетін болсақ, өз кәсібін жасырып жүрген азаматтарды көптеп анықтаймыз. Бұл – шамамен, айына мемлекетке 22 миллион теңгеден астам қаржы қайтарылады деген сөз. Ол кісілер заңды бұзып отырғандарын түсінуі керек. Мұндай әрекет айлакерлікке жатады. Өйткені, сол арқылы азаматтар мемлекеттің қаржысын жымқырып жатыр. Біз одан да шын мұқтаждарға көмектесуіміз керек. Контейнерлерде тұрып жатқан қаншама отбасылар бар. Ауқатылардың осы атаулы әлеуметтік көмекке таласқаны өте ұятты әрекет болды», – деді Алматы қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Диляра ИМАНҚҰЛОВА.


Алты баланың анасы Марина Ничкова үш айдан бері атаулы әлеуметтік көмекті алып келеді. Жалғызбасты әйел шын мұқтаж отбасылар үшін бұл үкіметтің көрсетіп отырған зор қолғабысы деп біледі. Бала күтіміне байланысты жұмыссыз үйде отырған келіншек, қуаныштан көз жасын тия алмай, алғыстан басқа айтарым жоқ деп қысқа қайырды.


«Алып отырған 142 мың теңге көлеміндегі атаулы әлеуметтік көмек жағдайымызды айтарлықтай жақсартты. Құжаттарды рәсімдеуде ешқандай қиындық болған жоқ. Бұдан бөлек, «Бақытты отбасы» қоғамдық қоры 60 мың теңге ақшаны сертификат ретінде балалардың киіміне деп берді. Пәтерді 40 мың теңгеге жалдап тұрамын. Жолдасым алимент төлеп, көмектесіп жатыр. Осылай күнімізді көрудеміз», – деді Марина НИЧКОВА.


Атаулы әлеуметтік көмек нақты мұқтаж отбасыларға жеткенше, мұндай тексерістер тоқтамайды. Бұдан былай бақуатты жанұялар тыққан табысын жария етпесе, заңсыз әрекеті үшін сотта жауап бермек. Ал өз еркімен әрекетінің бұрыстығын ашып айтып, қаражатты қайтарғандар жауапкершілікке тартылып, айыппұл арқаламайды. Бүгінде, Алматыда 8 400 отбасы аталған көмекті алып отыр.


Әйкерім Ердәулетқызы, Ялкунжан Әшімжанов «Алматы» телеарнасы. 




Көрілген: 510    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.07.2019, 23:31

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31