Нарық

Алматыда Hyundai автомобильдерін шығаратын зауыт салынады

  • © Almaty.tv

    © Almaty.tv

Кәсіпорынды қаладағы Индустриалды аймақ маңында «Астана Моторс» компаниясы тұрғызбақ. Зауыттың алғашқы іргетасын құюға Оңтүстік Кореяның Сауда, өнеркәсіп және энергетика министрі Сон Юн Мо және еліміздің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.


Өндірісті салуға қала тарапынан дайын инфрақұрылымдары бар 25 гектар жер бөлінді. Қала әкімі Бауыржан Байбек өзінің құттықтау сөзінде бүгінгі таңда мегаполистің жоғары инвестициялық тартымды қала ретінде қалыптасқанын атап өтті. Оған тек 3 ай ішінде ғана шетелдік инвестициялар 22 пайызға артып, 111 миллиард теңгеге жеткені дәлел бола алады.


«Тәуелсіздік алғалы бері елімізге Оңтүстік Кореяның компаниялары көп инвестиция құйған. Бүгіннің өзінде бізде 326 кәріс компаниясы жұмыс істеп жатыр. Соның ішінде 61-і – бірлескен компаниялар. Зауыттың ашылуы біз үшін өте маңызды. Себебі олардың тарапынан 60 миллион доллар ақша салынып, 700-ден аса жаңа жұмыс орындары ашылады», – деді Алматы қаласының әкімі Бауыржан БАЙБЕК.


Шараға жиналғандар бұл Қазақстан үшін машина жасау индустриясын дамытудағы маңызды стратегиялық қадам екенін айтты. Себебі, зауыттың өнімдері ішкі нарыққа, сондай-ақ, экспортқа да шығырылмақ. Алғашқы кезеңде зауыт 30 мың көлік шығарса, ал екінші кезеңнен бастап жылына 45 мыңға дейін көбейту жоспарлануда. Зауытта дәнекерлеуші, бояушы, жинақтаушы, пластикалық панельдерді өндіруші цехтар мен сапаны бақылау учаскесі болады. Кәсіпорын Оңтүстік Корея мен Жапонияның жаңа технологиялы қондырғыларымен жабдықталады. Зауытта Hyundai көлігінің барлық модельдері жасалады. 2019 жылдың соңына дейін өндірістік цехтарды салу жоспарланған, ал зауыт конвейерінен алғашқы автомобиль 2020 жылы шығады. 




Көрілген: 746    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.04.2019, 22:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30