Алматыда ақша айырбастау орындары валюта саудасын тоқтатты

28 ақпан 2022, 11:04

Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде шетел валютасын сату және сатып алу тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, Алматыда ақша айырбастау орындары валюта сатып алмайды және сатпайды.

Нұр-Сұлтанда да барлық ақша айырбастау пункттері шетел валютасымен операцияларды тоқтатқан.

Бұған дейін Ұлттық банк пен "Қазақстан қор биржасы" АҚ бірлескен мәлімдеме жасаған болатын.