Алматыда букмекерлік кеңсе 1,8 млрд теңге салық төлеуге міндеттелді

04 сәуір 2018, 16:22

Алматы қаласының соты салық органы хабарламасының күшін жойып, белгілі букмекерлік кеңсені ойын үшін төленетін 1,8 миллиард теңге көлеміндегі салықтан босатқан.

Бұл ақпаратты Бас прокуратураның ресми өкілі мәлімдеді.

Осы орайда еліміздің Бас Прокуроры наразылық енгізді. Жоғарғы Сот уәжбен келісіп, жергілікті сот актілерінің күшін жойды. Сондай-ақ букмекерлік кеңсенің өтінішін қанағаттандырмады.

Оксана Лоскутова, ҚР Бас Прокуратурасының ресми өкілі:

- Аталған букмекерлік кеңсе сол күні 1,8 миллиард теңге көлеміндегі салықты төледі. Сонымен қатар Жоғарғы Сот Бас прокурордың басқа да істер бойынша наразылығы негізінде 800 миллион теңге қосымша салық салуды заңды деп таныды. Өйткені салық төлеушілер тауарды белгілі бір тұлғалардан алғанын дәлелдей алмады.