Нарық

Алматыда элиталық үй иелерінің салықтық берешегі 34 млн теңгеге жеткен

  • Көрнекі сурет.   ©kaifovo.info

    Көрнекі сурет. ©kaifovo.info

Алматыда элиталық үйлердің иелері бюджетке 30 млн теңге қарыз. Бұл туралы Медеу аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Бұл үйлер Медеу ауданындағы Достық, Қыз Жібек, Оңдасынов, Горная, Көктөбе, Горный гигант шағын аудандарында орналасқан. Бүгінде олардың салықтық берешегі 34 млн теңгеге жетті.


Мәселен, Қыз-жібек көшесінде орналасқан аумағы 750 шаршы метр болатын құны 95 млн теңге коттедждің қожайыны 1,5 млн теңге салық төлемеген.


«Мұндай борышкерлер өте көп. Бұл істердің көпшілігі сотқа бағытталды. Егер олар қарыздарын келер аптаның соңына дейін төлемеген жағдайда, салық органдары олардың аттарын БАҚ арқылы жариялауға мәжбүр болады. Бұл тізімде атақты адамдар бар. Жеке тұлғаның салықтық борышы салық құпиясы болып саналмайды. Қазақстанда 13 тамыздан бастап салық рақымшылығы басталды. Негізгі қарыз төленген жағдайда үстіндегі өсімақысы кешіріледі»,- деді салық органдарынан.




 




Көрілген: 704    Пікірлер: 0

бейсенбі, 05.09.2019, 11:25

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30