Алматыда жаңа метро бекетінің құрылысы басталды

19 мамыр 2022, 19:26

Шаһар басшысының сөзінше, аудандағы көлік инфрақұрылымының негізгі проблемалары - маршруттардың жетіспеуі және олардың тұрақты қатынамауы, жылжымалы құрамның аздығы, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі nege.kz-ке сілтеме жасап.

«Метроның 2 жаңа станциясын іске қосу жоспарланған, сондықтан осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін қаланың батыс бөлігіндегі маршруттық желіге оптимизация жүргізуді қарастырып жатырмыз. Осылайша, Наурызбай ауданында 3 жаңа маршрут ашылады, қазіргі 5 маршрут күшейтіледі, бұл көлік қызметін айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді», – деді қала әкімі.

 

Сонымен қатар, ол «Қалқаман» станциясының құрылысы басталғанын мәлім етті.

 

«Қазіргі уақытта «Қалқаман» станциясының құрылысы басталды. Ол Абай даңғылымен Яссауи көшесінен батысқа қарай Әшімов көшесіне дейін орналасқан. Метроны 2025 жылға дейін салып бітіру көзделіп отыр», – деді Ерболат Досаев.