Нарық

Алматыда кафелердің 20%-ға жуығы мәңгіге жабылды

  • Алматыда кафелердің 20%-ға жуығы мәңгіге жабылды

    Алматыда кафелердің 20%-ға жуығы мәңгіге жабылды

Алматының қоғамдық тамақтану нысандарының 20%-ға жуығы мәңгіге жабылды. Бұл туралы «Қазақстан рестораторлар клубының» басшысы Гүлнар Катибаева мәлімдеді.

LS агенттігінің хабарлауынша, Гүлнар Катибаева пандемияға дейін мегаполисте 6 мың мекеме жұмыс істегенін, оның 3,5 мыңы мемлекеттік кірістер департаментінде тіркелгенін айтқан. Қазіргі уақытта тамақтану объектілерінің 20%-ы шектеулерге төтеп бере алмай, жабылған.

«Өткен жылғы локдаундағы шығындар әлі есептеліп жатыр. Егер мереке кезінде қанша азық-түлік сатып алынғанын есептесек, дәмханалар мен мейрамханалар табысының 50%-ын жоғалтқанын байқаймыз», – деді Гүлнар Катибаева.

Сонымен бірге Алматының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалиннің айтуынша, 28 наурыздан кейін эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантин шаралары жеңілдетілуі мүмкін. Нәтижесінде кафелер мен мейрамханаларға жазғы алаңдарды рұқсат құжатынсыз ашуға рұқсат етілуі мүмкін. Ондай жағдайда рестораторларға қойылатын негізгі шарт – қозғалысқа кедергі болмауы керек.

 aikyn.kz
 




Көрілген: 1362    Пікірлер: 0

жексенбі, 21.03.2021, 21:35

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31