Нарық

Алматыда Қазақстан кәсіпкерлерінің Серіктестер форумы өтеді

  • Алматыда Қазақстан кәсіпкерлерінің Серіктестер форумы өтеді

    Алматыда Қазақстан кәсіпкерлерінің Серіктестер форумы өтеді

Бүгін Алматыда АТФБанк ұйымдастырған III Серіктестер форумы өтеді. Іс-шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен банк клиенттері - шағын және орта бизнес бойынша кәсіпкерлер шақырылған. Дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін Серіктестер Форумына биыл шамамен екі жүз мың адам қатысады.

Бүгін осы жерде заманауи компаниялар дамытуға тиісті жаңа талаптар талқыланатын болады. Жан-жақты цифровизациялау және инновацияны дамыту бизнестің менеджментке деген көзқарасын түбегейлі өзгертуге әкелді.

Дәстүрлі модель ақырындап артта қалуда, алаңда Agile және Scrum сияқты басқарудың жаңа әдістері белең алуда. Ескі әдістерді ұстанушылар мен менеджменттегі новаторлар олардың қаншалықты қолданысқа ие және тиімді екендігі туралы талас жасап жатқанда, Google немесе Facebook сияқты технология алыптары ізінен осы әдістерді қолданған шағын ойыншылар өз тұғырларында инновациялық көшбасшыларға айналуда. Осы жаңа әдістер қазақстандық кәсіпкерлер үшін қаншалықты пайдалы болатындығы туралы форумда Beeline трансформациясының Agile бойынша қызметінің бастығы Марат Жунусов әңгімелеп береді.

Осы жаңалықтардың бәрі ШОБ үшін керек әлде керек еместігі туралы талқылау үшін панельді сесссияға жаңа буындағы танымал медия іскерлер мен кәсіпкерлер шақырылған. Олардың ішінде Parmigiano Group желісінің иесі Алмас Абдыгаппаров, Asadel Partners қорының негізін қалаушы Марғұлан Сейсенбай, «Рахмет» жобасының жетекшісі Нұркен Рзалиев, Aviata.kz негізін қалаушы және Arbuz.kz СЕО Александр Ли. Пікірталасқа ерекше дем беретін танымал іскер азамат және Forbes Kazakhstan басылымын шығарушы Арманжан Байтасов.

Талқылауға арналған тақырып жайдан-жай алынбаған, қазіргі заманда компаниялар жан-жақты болуы керек, ал өнімін нарыққа жылдам шығара білу оларға клиенттердің зор ілтипатына ие болуға көмектеседі. Махаббат туралы айтатын болсақ, зерттеуші компаниялар адамдарда брендтерге деген ерекше сүйіспеншілік туындап, оларға деген шексіз құштарлық пайда болатындығы туралы дәлелдеген. Оған дәлел дүние жүзіндегі танымал мыңдаған компаниялар.

Осындай тренд-сеттерлерден қалып қоймас үшін тек іштей ғана өзгеру жеткіліксіз, клиенттердің тұтынушылықтары мен олардың өмірдегі құндылықтарына негізделе отырып даму керек. Технологияның кең етек алуы соншалықты қазіргі тұтынушылар күнделікті операцияларды смартфон арқылы орындап отырады.

Осы сияқты трендтер жеке ойыншыларды ғана емес, тұтастай саланы ауыстырып отыр. Украинадан арнайы шақырылған спикер - Fedoriv Group негізгін қалаушы және СЕО Андрей Федорив – авторлық семинар аясында трендтер қалай брендтерді өзгертетіні, қазіргі қарбалас заманда әрқашан инновацияның қайнаған ортасында қалай жүруге болатындығы туралы айтып береді. Осының бәрі танымал әлемдік брендтердің шынайы тарихтарына негізделетін болады.

Форум аясында тағы бір маңызды оқиға танымал спикердің халық алдына шығуы болады. Алдыңғы жылдары осындай хедлайнерлер Иван Ургант және Владимир Познер болған болатын. Бұл жылы ұйымдастырушылар аты аңызға айналған «А-Студио» тобының мызғымас жетекшісі, жүздеген әндері ел арасына кеңінен таралып мыңдаған тыңдарманды баурап алған сазгер Байғали Серкебаевты шақырды.

Жалпы осы сияқты бизнес-кездесулер тек қана жаңа тенденциялар туралы білімді арттырып қана қоймай, оларды бейформалды ортада талқылауға, сонымен қатар жаңа іскерлік байланыстар орнатуға мүмкіндік береді.

АТФБанк ұйымдастырған форумның философиясы – барлық клиенттер – бірлесіп даму арқылы ортақ табыстарға жететін серіктестер деген тұжырым. Міне осы ұстаным банкке әрқашан ынтымақтастық үшін тиімді қазақстандық компаниялардың шорт-парағында тұруына мүмкіндік береді.

 


 




Көрілген: 748    Пікірлер: 0

бейсенбі, 12.12.2019, 13:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31