Нарық

Алматыда келушілерге қорқор ұсынған мейрамханалар анықталды

  • https://almaty.tv/

    https://almaty.tv/

Қорқорды пайдалануға, сатуға болмайды. Үстелдердің ара қашықтығы кемінде 2 метр болуы қажет. Банкеттер мен салтанатты тойлар өткізуге тыйым салынады. Кіреберісте санитайзерлер мен тепловизордың болуы міндетті.

 

Бұл жұмысын қайта бастаған мейрамхана мен кафелерге қойылатын басты талаптар. Алматыда 3000-нан астам дәмхана келушілерге кешеден бері есігін айқара ашты. Алайда олар қаншалықты санитарлық нормалар сақтайды? Аlmaty.tv  тілшісі мобильді топпен бірге жұмысы қайта басталған мейрамханаларды тексеріп көрді.

 

Алматы кеші. Жазғы терасса. Бір топ болып кіріп барған тексерушілерді көргенде қонақтар аздап абдырап қалды. Мобилді топ бірден жұмысына кірісті. Мейрамхана әкімшісімен бірге тамақтану орнындағы санитарлық нормаларды тексеріп шықты. Басты талаптардың бірі – қызмет көрсетушілер міндетті түрде қорғаныс құралдарымен қамтылуы тиіс. Бұл мейрамханада тиісті талаптар сақталған, тек жазғы алаңдағы үстелдердің арасын тағы алшақтату қажеттілігі ескертілді.

 

«Әрбір қонақтың ең алдымен дене қызуы тексеріледі. Сондай-ақ, осында жұмыс істейтін барлық қызметкердің температурасы күніне екі рет өлшеніп журналға жазылады. Ал, бүгінгі келген мобильді топ бірнеше ескерту айтты. Оны біз жақын күндері реттейтін боламыз», – деді мейрамхана әкімшісі Айсұлу АҚБҰЗОВА.

 

Қызықтың көкесі келесі мейрамханада орын алды. Жазғы террассасы қалыпты жағдайда, жұмыс істеп жатса, жарығын өшіріп тастаған мына залда санитарлық норма сақталмаған.

 

Бұл – қаладағы мейрамханалардың бірі. Бір қарағанда мұнда барлық талаптар сақталған секілді. Алайда біз дәл қазір мейрамхананың түпкі бөлмесіндеміз. Мұнда үстелдің қасында қорқор тұр. Демек, мейрамхана өкілдері келушілерге қорқор ұсынған көрінеді. Егер қаланың мемлекеттік бас санитары бекіткен нормалар орындалмаған жағдайда, тұтынушы да, мейрамхана иесі де жауапқа тартылады. Дәл қазір құқық қорғау органдарының өкілдері келушіге әкімшілік хаттама толтырып жатыр.

 

Одан өзге мейрамхана әкімшісі де әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

«Жұмыс тобының құрамына Бостандық ауданы әкімшілігінің мамандары, СЭС, жергілікті полиция басқармасы кіреді. Атқаратын жұмыстарымыз істеп жатқан мейрамханаларда санитарлық нормаларын қарап, тексеріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Егер санитарлық нормалараға сәкес келмеген жағдайда әкімшілік хаттама толтырамыз», – деді Бостандық ауданы Кәсіпкерлікті дамыту және өнеркәсіп бөлімі басшысының міндетін атқарушы Талғат ҚҰРМАНБЕКОВ.

 

Тексеріс барысында көпшілігі санитарлық нормалар сақтапты. Тек, кейбіріне ғана ауызша ескерту жасалды. Мамандардың сөзінше мұндай рейдтер алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Сондықтан уақыт өте босаңсып, ережелер ескерілмей қалмауы керек. 




Көрілген: 513    Пікірлер: 0

сейсенбі, 26.05.2020, 18:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31