Нарық

Алматыда кейбір тұрғын үй кешендері пәтерлерді рұқсатсыз саудалап жатыр

  • © astanatv.kz

    © astanatv.kz

Алматыда пәтерлердің заңсыз саудаланғаны анықталды. Кәсіпкерлер құрылысы аяқталмаған үйлерді сату үшін әкімдіктің рұқсатын алмаған. Олар үлескерлердің қаржысын ерте жинап алып, құрылысқа жұмсауды әдетке айналдырыпты.


Заң талаптарын орындамай отырған қандай құрылыс компаниялары?


Осыдан он жыл бұрын елде үлескерлерге қатысты дау-дамай құрылыс саласын тұралатқан болатын. Мемлекеттің араласуымен бұл салада жағдай тұрақталған еді.


Екі жыл бұрын «Тұрғын үй құрылысына үлескердің қатысуы» туралы заң қабылданып, онда мына үш талап көрсетілген. Осыған сай болғанда ғана пәтер сатуға рұқсат етіледі.


Бірақ, бұл тәртіпке бағынғысы келмейтіндер бар болып шықты. Тек желтоқсан айында шаһарда 13 тұрғын үй кешешінде осындай заңсыздықтар анықталған. Тізім басқарманың ресми сайтында жарияланды.


«Тұрғын үй құрылысына үлескердің қатысуы» туралы заңының 7 бабы: (7 сәуір 2016)


1. Тұрғын үй салушы тұрғын үй құрылысы қорынан кепілдік алуы керек


2. Екінші деңгейлі банктердің жобаға қатысуын қамтамасыз етуі керек


3. Тұрғын үйдің қаңқасы тұрғызылған соң ғана үлескерлерден ақша алуға болады


Нұржан КЕНЖЕБЕКОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


- Біз ай сайын ғаламтордағы жылжымайтын мүлік саудасымен айналысатын сайттарға мониторинг жүргіземіз. Бізден рұқсат алмай, пәтер сатуға хабарлама берген компаниялардың мәліметін анықтау қиын емес. Тізімді жасаймыз да прокуратура мен мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау мекемесіне шара қолдануға жібереміз.


Тізімде «Bi Group» компаниясының тұрғын үй кешені де бар.


Бірақ, құрылыс саласындағы басты ойыншылардың бірі өз позициясын білдіріп үлгерді. "Біздің нысандарда пәтерлердің заңсыз саудаланып жатқаны туралы қандай да бір сот шешімі шықпаған. Ендеше Алматы қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасының тәуекелі басым нысандар немесе үлескерлердің қаржысын заңсыз пайдаланып жатыр деген пайымымен келіспейміз".


Сарапшылардың айтуынша, жер телімін сатып алу, құрылыстың қаңқасын салу немесе өз қаражатымен кепілдік қорына есепке тұруға көп компаниялардың шамасы жоқ. Сондықтан олар тұтынушылардың қаржысын әртүрлі жолдармен тартуға мүдделі деп отыр.


Нина ЛУКЬЯНЕНКО, ҚАЗАҚСТАН РИЭЛТОРЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:


- Қазір жасыратыны жоқ алдын ала келісім-шарттар жасалады. Оның негізінде клиент қаражатын да төлеп қояды. Тәуекелге барып, өзара сауда жасап жатқандар көп. Олай етпеске амал жоқ. Егер, екі жақта белгіленген заңның аясында жұмыс жасаса, құрылыс та бітпейді, пәтер де сатылмайды. Ал, мемлекет тек заң қабылдағаны болмаса, екі тарапқа да материалдық тараптан шынайы көмек көрсетіп жатқан жоқ. 


Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ, ТІЛШІ:


- Әкімшілік заңды бұзғандардың тізімін прокурорларға тапсырған. Оларға қандай шара қолданатынын солар шешеді. Ал, тұрғындар сан соғып қалмас үшін сатып алатын баспананы жан-жақты тексерулері керек. Алдын ала келісім-шарт, инвестициялық келісім шарт сияқты құжаттар заңсыз. Тұрғын үй туралы мәліметтерді сәулет басқармасындағылардан да алуға болады.


 astanatv.kz




Көрілген: 958    Пікірлер: 0

жұма, 11.01.2019, 10:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30