Нарық

Алматыда құрылыс компанияларына 220,3 млн теңге айыппұл салынды

  • http://old.aikyn.kz/

    http://old.aikyn.kz/

Алматыда құрылыс жұмыстарының сапасына қойылатын талаптар күшейтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен кеңеске құрылыс компанияларының және кәсіби қауымдастықтың өкілдері қатысты.

 

Жиын барысында тұрғын үй құрылыс саласында құрылыс мерзімін сақтау және жұмыс сапасын арттыру мәселелері қаралды.

 

Алматыда бүгінгі күні 779 құрылыс нысаны бар, оның ішінде 533-і -коммерциялық объект.

 

Қалада құрылыс жұмыстарын барлығы 323 құрылыс компаниясы мен 135 техникалық қадағалау ұйымы жүзеге асырады.

 

Мегаполистің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы құрылыс жұмыстарының сапасына тұрақты түрде мониторинг жасайды. Мониторинг нәтижелері бойынша 2020 жылы құрылыс компанияларының 80%-ы жауапкершілікке тартылды. 69 компанияның лицензиясы алты ай мерзімге тоқтатылды, 154 компания әртүрлі санаттағы құрылыс лицензияларынан айырылды. Құрылыс нормаларын бұзғаны үшін жыл ішінде салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 220,3 млн теңгені құрады.

 

Негізігі олқылықтар &ndash жобалық шешімдерден ауытқу және құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында тиісті талаптарды сақтамау. Міне бұлар құрылыс сапасына кері әсерлерін тигізуде.

 

Мысалы, құрылыс өндірісін жеткіліксіз ұйымдастыру, бетон жұмыстары технологиясын және қайта толтыру технологиясын бұзу, көлік жолын қалпына келтірмеу, қауіпсіздік шараларын сақтамау, кіру және операциялық бақылаудың болмауы, жұмыс кестесінен кеш қалу сияқты фактілер анықталды.

 

Техникалық қадағалау функцияларын жүзеге асыруға тиісті бақылаудың болмауы салдарынан 47 адам жауапқа тартылды, оның 18-інің жұмыстары тоқтатылды.

 

Бақытжан Сағынтаев құрылыс саласын бақылауды күшейтуді және құрылыс жұмыстарының сапасын жақсарту мақсатында кешенді шаралар әзірлеуді тапсырды.

 

Ұсынылған іс-шаралар мынандай: құрылыс жүргізушілердің сенімді рейтингін құру, тұрғын үй құрылысы саласында тәжірибесі жоқ компаниялардың қызметіне шектеу қою.

 

Сонымен қатар, тапсырыс берушіге тыйым салу және бекітілген жұмыс жобасына құрылыс материалына қатысты авторлық қадағалаудың өзгерістер енгізуі үшін тиісті тетіктерді қолдану мүмкіндігі де қарастырылып жатыр.

 

 




Көрілген: 2074    Пікірлер: 0

жұма, 08.01.2021, 13:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Ақпан, 16:30
    Доллар арзандады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31