Нарық

Алматыда отандық тауар өндірушілерді қолдау күшейтіледі

  • Алматыда отандық тауар өндірушілерді қолдау күшейтіледі

    Алматыда отандық тауар өндірушілерді қолдау күшейтіледі

Бүгін Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мақсат Қиқымовтың қатысуымен Жергілікті қамтуды бақылау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Іс-шараға Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Максим Барышев, Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов, жергілікті атқарушы органдар мен бизнес-қоғамдастығының өкілдері қатысты.

Отандық тауар өндірушілерді қолдау қаланың жұмыспен қамтылуын сақтау мен экономикалық өсуінің басты өлшемдерінің бірі болып табылады. Қазіргі таңда пандемия кезеңінде отандық кәсіпорындарды қолдау бұрынғыдан да маңызды.

Өңірлік кеңес төрағасы Максим Барышев бастаған Алматы қаласының бизнес-қоғамдастығы қазақстандық тауар айналымына, сондай-ақ жергілікті кәсіпорындарды қолдау шараларына ықпал ететін бірқатар мәселелерді көтерді.

Отырыс барысында қала әкімінің орынбасары Мақсат Қиқымов орын алған мәселелерге кешенді түрде қарауды және бас мердігерлердің бюджеттік бағдарламаларының әкімшілерімен апта сайын кездесіп, әрбір жағдайды жеке қарастыратын Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңес мүшелерінен жұмыс тобын құруды ұсынды.

Мұндай пікірталас олардың арасында туындаған мәселелерді шешуге ықпал етеді. Жұмыс тобын құрудың басты мақсаты – жергілікті тауар өндірушілерді қолдау.

Өз кезегінде Өңірлік кеңес басшысы Максим Барышев бұл бастаманы қолдап, сондай-ақ мемлекеттік сатып алудағы импортты бақылау мақсатында кәсіпорындарға көшпелі мониторингтік топтар құрудың маңыздылығын атап өтті.

qamshy.kz




Көрілген: 948    Пікірлер: 0

жексенбі, 18.04.2021, 01:14

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31