Нарық

Алматыда ірі шетелдік туроператорға қатысты дау туындады

  • https://almaty.tv/

    https://almaty.tv/

Алматыда ірі шетелдік туроператорға қатысты дау-дамай туындады. 20-ға тарта отандық компания жетекшілері олардың үстінен қылмыстық істің қозғалуын талап етуде, деп хабарлайды almaty.tv тілшісі.

 

Жазғы маусым басталмай жатып, қазақстандық туристердің ашу-ызасын туғызған кімдер? Ғажайып демалысқа жұмсалған ақшаны қайтару мүмкін бе?

 

Коронавирус пандемиясы салдарынан шетелдегі демалыс көптеген қазақстандықтар үшін сол күйі арман болып қалды. Ол аздай, кейбір алматылықтар енді алдын ала құйып қойған ақшаларын қайтара алмай әлек. Юлия есімді қала тұрғыны, 2 ай бойы тентіреп, туристік кеңселердің табалдырығын әбден тоздырдым дейді.

 

«Карантин басталмай тұрып, біз тур пакет сатып алғанбыз. «Поехали с нами» компаниясынан Кубадағы мейманханалардың бірінде тұру билетін алдық. Міне, 2 айдың жүзі болды, ақшамызды қайтара алмай сандалып жүрміз. Туроператордың өзі мұны елде орын алған күрделі жағдаймен байланыстырып отыр. Енді туристік компанияларға сенуден қалдық», – деді қала тұрғыны Юлия Шаймарданова.

 

Ақшаны алған туристік фирма шетелдік әріптесін кінәләп отыр.

 

Ұшу-қону, уақытша мекендеу, тамақтану сияқты қызмет түрлері кіретін пакеттердің 90 пайыз ақшасы соларға аударылған көрінеді.

 

Қытайдағы Хайнань аралына жолдама ұйымдастырған отандық туроператор осылай дейді.

 

«Коронавирус індетіне байланысты сапар болмады, ақша да қайтарылмады. Олар енді байланысқа шықпай, ешқандай ақпарат таратпай отыр. Істің әрі қарай қалай шешілетінін түсіндіріп те айтпады. Одан бөлек, жетекшінің өзі Юрченков бір рет те турагенттіктердің өкілдерімен сөйлеспеген», – деді турагенттік директоры Еркен Кенжеғұл.

 

Турагенттік өкілдерінің айтуынша, қарыз қайтармай отырған компания қожайыны қазір Ресейде. Алматыда тек өкілдік жұмыс істеген. Мұндағы қонақ үйлердің бірінде орналасқан кеңсе қазір жабық тұр. Жауап қайырар адам жоқ. Қонақ үйдегілер соңғы 2 ай көлемінде бұл жерге адам баласының бас сұқпағанын айтады.


«Олар Хайнаньмен жұмыс істесті ғой. Қытайда бұл одан ертеректе басталған болу керек. Сол кезден бері түсініксіз жайттар орын алды. Мәселенің ақ-қарасын анықтауға тырысып жатырмыз. Өйткені турагенттік біздің серіктестеріміз ғой», – деді мейманхана директоры Светлана Федосеева.

 

Индустрия және туризм комитетіндегілер болса, мұндай жағдайда мәселені тек сот арқылы шешуге болады дейді. Тағы бір анықталғаны, қазақстандық нарыққа кірер кезде осы секілді компаниялар нақты бір тексерістен өтпейді екен.

 

«Бізде мұндай тексеріс жүргізілмейді. Лицензияны жергілікті атқарушы органдар, облыс әкімдігі береді. Олар белгілі бір талаптарға сай келетін болса, тіпті автоматты түрде электрондық форматта рұқсат ала алады. Содан жұмысқа кірісіп кетеді», – деді ҚР Индустрия және туризм комитеті басқармасының жетекшісі Ануар Тоқтаров.

 

Қазір туроператордың кесірінен 600 адам жолдамаларының ақшасын қайтара алмай отыр. Шетелдік туроператормен Қазақстанның 40-қа жуық компаниясы жұмыс істегені анықталды. Қарыз көлемі 60 миллион теңге. Бұл ретте Алматыдағы турагенттіктер құқық қорғау органдарына ісін адал атқармайтын туроператорға қатысты қылмыстық іс қозғалуын талап ететін арыз түсірмекші.

 




Көрілген: 275    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.06.2020, 19:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31