Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Алматыда салынып жатқан тұрғын үй кешені төңірегінде дау шықты

27 шілде 2022, 08:43

Алматыда жаңадан салынып жатқан тұрғын үй кешені айналасында дау шықты. Нысанды сәулет және қала құрылысы басқармасының арызы бойынша сот бұзу керек деп шешкен, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Алайда құрылыс компаниясының өкілдері бұл шешімге түбегейлі қарсы. Айтуларынша, құжаттары заңды. Барлығы басқармамен мақұлданып, рәсімделген.

 

Қала тұрғыны Баян Жұмағалиева Береке көшесіндегі номер 9 үйде тұрады. Үйінің қасында төрт қабатты тұрғын үй кешені салына бастағалы бері мазасы кеткен. Кешен құрылысынан үйі зардап шекті. Қабырғаларда сызат пайда болды. «Енді бұл шығынды кім өтейді» дейді.

 

Баян Жұмағалиева, қала тұрғыны:

 

- Бірақ оны бізге ешкім төлеп берейін деп те тұрған жоқ. Бізбен санасқан да жоқ. Мынаны бастағанда рұқсат алған да жоқ. Көршіден рұқсат алу керек қой. Біздің үй жақын тұр міне. Күндіз-түні тыныштық жоқ. Түніменен жасайды бұлар.

 

Ал «Жайсаң» тұрғын үй кешенінің құрылысы өткен жылы басталған. Бірақ көп ұзамай сол көшенің бірнеше тұрғыны құрылысқа қарсы болып, қала құрылысын бақылау басқармасына хабарласады. Басқарма тарапынан нысан салуға қатысты құжаттар тексеріледі.

 

Тексеріс кезінде анықталғандай  жоба алдын ала сараптамадан өтпеген. Сөйтіп, құрылысты заңсыз деп таныған қала құрылысын қадағалау басқармасы қалалық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап-арыз жолдайды. Сот аталған арызды қанағаттандырады. 

 

Дәурен Тұрысбеков, қала құрылысын бақылау басқармасының бас маманы:

 

- Ағымдағы жылдың 19 шілдесінде басқармамен берілген талап-арызды сот толықтай қанағаттандырып, қазіргі уақытта сот шешіін заңды күшіне енуі күтілуде.

 

Ал құрылыс компаниясының өкілдері болса жалған құжаттарды қала құрылысын бақылау басқармасының өзі бергендігін айтады. Бұны сотта дәлел ретінде көрсеткен. Енді бұл іспен тергеушілер айналысып жатыр.

 

Айбек Бақтыгереев, құрылыс компаниясының заңгері:

 

- Егер бұл жалған құжат екеніне олар қарсы болса міне екі сот өтті олар деген бұның Индустрия және даму министрлгі шығарған правила дейді ғой сол правила бойынша тексеру керек еді. Ол бірақ тексерілген жоқ. Сотқа берілген жоқ. Міне біз тексердік, құжат жалған деген «Өздері берген құжатты өздері жалған деп айтып отыр. Прокуратура келісіп, қылмыстық істі Бостандық аудандық ішкі істер бөліміне қозғатты. Қазір ол тергеліп жатыр. Осы тергеу кезінде тергеушімен анықталады қандай адамдардың бұны жасағаны. Кімнің электронды цифровой подписі тұрғаны ол жерде.

 

Сот тұрғын үй кешенін бұзу туралы шешім қабылдады.  Бірақ құрылыс компаниясы бұл шешіммен келіспейді. Екі ай мерзім ішінде сот шешіміне шағымданады. Егер әділдік орнамаса, істің Жоғарғы сотта қайта қаралуын талап етпек.