Нарық

Алматыда үлескерлерден қаражат тартуға рұқсат алған нысандар аталды

  • https://belokot.info/

    https://belokot.info/

Алматы прокуратурасы үлескерлерден ақша тартуға болатын нысандарды атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Қадағалау органы мәліметінше, мегаполистегі 52 көпқабатты тұрғын үй кешені үлескерлерден қаражат тартуға рұқсат алған. Олардың бірқатары пайдалануға берілгені айтылды. Алайда 43 тұрғын үй құрылысы аяқталмаған. Тұрғын үй кешені деректер тізімін Қалалық құрылысы және урбанистика басқармасы сайтынан табуға болады.

 

"Қазақстанда үлескерлік үш жолмен ұйымдастырылады: екінші деңгейлі банктің нысанды қаржыландыруы, көппәтерлі үйді тұрғызғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту, сондай-ақ қазақстандық тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторынан кепілдік алу", - деді Алматы прокуратурасындағылар.

 

Алғашқы екі жағдайда құрылыс салушы үлескерлерден қаражат тарту үшін әкімдіктен рұқсат алуы керек, ал үшінші жағдайда бір оператормен кепілдік шарт жасасуға міндеттеледі.

 

"Құрылыс салушыда көрсетілген құжаттар болса, азаматтар мен заңды тұлғала қаражатының сақталуына кепілдік беріледі. Сондықтан кепілдік алу үшін әкімдік рұқсаты немесе бірыңғай оператор кепілдігі бар нысандарға ғана инвестиция салуға шақырамыз", - деп толықтырды қадағалау органы өкілдері.

 

Қала прокуратурасы үлескерлер баспана сатып алу кезінде рұқсат құжаттарымен танысуды талап етуге құқылы екенін айтты. Ал тараптардың құқықтық қатынасы әкімдікте тіркелген үлестік қатысу туралы шартпен ғана қамтылады.

 

"Басқа мәмілелерді жасау заңсыз және олар жарамсыз деп танылады. Прокуратура құрылыс салушылар тарапынан заң талаптарын сақтау мәселесіне талдау жасап жатыр. Оларды бұзғаны үшін жосықсыз құрылыс салушыларға қарсы әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", - деп ескертті прокурорлар.

 

 

 

 




Көрілген: 421    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.11.2021, 19:26

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Желтоқсан 2021
    Доллар бағамы төмендеді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31