Нарық

Алматыдағы Абай көшесін созу қашан аяқталады

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімі Санжар Тоғай Абай көшесін созу жұмысы қашан аяқталатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Бұл жұмыс 2017 жылы басталған болатын.


«Наурызбай ауданында Абай көшесінің бойында 264 нысан орналасқан. Олардың біразы учаскесін сатуға сот арқылы келісті. Қалғаны сотта қаралып жатыр. Бағалау жүргізіліп жатыр. Абай көшесі Әшімов көшесіне дейін созылды. Батыстан Карьерная көшесінен Нұрлы көшесіне дейін де жөндеу жұмыстары аяқталды. Енді осы екі учаскені қосу ғана қалды», - деді ол.


Әкімнің айтуынша Жер қатынастары басқармасы жерді мемлекет мүддесіне сатып алумен айналысып жатыр. Биыл осы мақсатта 3,7 млрд теңге бөлінді.


«Бұл белгіленген өтемақыға келіскен учаскелер бойынша көрсетілген сома. Келіспеген адамдармен жұмыс келесі жылы сотта қаралады. Анық уақытын айту мүмкін емес. Шамамен екі жылда жүзеге асып қалар деп ойлаймын», - деді Санжар Тоғай.


Сонымен қатар, аудан басшысы Төле би көшесінің болашақтағы келбеті туралы баяндады.


«Алматы қалалық бас жоспарына сәйкес Төле би көшесі Нұрлы көшесіне дейін созылуы тиіс. Бұл көше аудан әкімдігінен басталып, Райымбек көшесіне дейін созылатын болады. Бүгінгі таңда Нұрлы көшесін Райымбекке дейін созу, Төле би көшесін Нұрлы көшесіне дейін созу мәселесін қарастырып жатырмыз. Бұл шаралар қалаға кіретін көліктер ағынын азайтуға септігін тигізбек. Жоба биыл аяқталады. Келесі жылы құрылыс жұмыстары басталады», - деді ол.





Көрілген: 603    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 02.09.2019, 20:46

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31