Нарық

Алматылық келіншек банкке 45 миллиард теңге қарыз екенін білді

  • Алматылық келіншек банкке 45 миллиард теңге қарыз екенін білді

    Алматылық келіншек банкке 45 миллиард теңге қарыз екенін білді

Зебихон Қадырова осыдан он жыл бұрын өзінің жеке мәліметтерін әлдекім келісімшартқа енгізіп, банктен кредит алған болуы мүмкін деп күдіктенеді. Сот Алматы қаласының тұрғынын кредит келісімшарты бойынша 45 миллиард теңге (111 миллион доллар) қарызды төлеуге міндеттеді.

Әйел ақшаны қарызға алмағанын және банкпен ешқандай келісім жасамағанын мәлімдеді, деп хабарлайды "Еуразия" бірінші арнасы".

Оқи отырыңыз: Жұмысқа тұрмақ болған аула сыпырушы 2 миллиард қарыз болып қалды

"Бұл не сот жүйесінің қателігі, не шектен шыққандық. Барлық органға жаздым. Мен анамын, жалғыз өзім бес жасар баланы тәрбиелеп жатырмын. Пәтерім ипотекаға алынған, әңгіме қандай ақша туралы болуы мүмкін. Шоттарымды бұғаттап тастады, тіпті ипотекамды да төлей алмай отырмын", - дейді Зебихон Қадырова.

Ол он жыл бұрын өзінің атынан белгісіз біреу кредит алған деп күдіктеніп отыр. Ол кезде әйел заңгердің көмекшісі болып жұмыс істепті.

"Ол шетелде болғандықтан, бұл келісімге қол қоймаған. Оның осы кредиттік істерге қатысы бар екенін растайтын бірде-бір құжат жоқ. Біреу оның паспорт мәліметтерін алып, осы келісімге жазған", - дейді адвокат Талғат Мылтықбаев.
Алматылық келіншек Жоғарғы сотқа шағымдана алады, бірақ заң бойынша ол талап арыздың 1%, яғни 450 миллион теңге (1,1 миллон доллар) мемлекеттік баж салығын төлеуі керек.

"Іс аудандық соттың қарауына берілді. Қазір сот ғимаратында дезинфекция жұмыстары жүргізілуде", - деп түсіндірді Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Абай Жарылқасын.

Зебихон Қадырова мен оның адвокаты істі қайта қаратпақшы. 




Көрілген: 541    Пікірлер: 0

сенбі, 13.06.2020, 12:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31