Нарық

Алматылық саудагерлер құйрық май бағасын екі есеге дейін қымбаттатып жіберді

  • Алматылық саудагерлер құйрық май бағасын екі есеге дейін қымбаттатып жіберді

    Алматылық саудагерлер құйрық май бағасын екі есеге дейін қымбаттатып жіберді

«Коронавирустың алдын алуға құйрық майдың көмегі зор» деген әңгіме әлеуметтік желілер арқылы тарағаны сол екен, алматылық саудагерлер оның бағасын екі есеге дейін қымбаттатып жіберді. Бірақ соған қарамастан, қалада қойдың құйрық майына деген сұраныс артқан, деп хабарлады «Хабар-24».

 

Осыдан екі ай бұрын Алматы базарларындағы құйрық майдың бір келісі 1 мың теңгені құраған. Қазір екі мың теңгеден кемін таппайсыз. Соның өзінде сұраныс тым жоғары.

 

Айта кетейік, коронавирус инфекциясының алдын алу бойынша ел арасында түрлі болжамдар айтылып жүр. Соның бірі – құйрық май пайдалану. Әлеуметтік желі қолданушылары оны қалай қолдану керек екенін өздерінше түсіндіріп жатыр.

 

Дәрігерлер құйрық майдың расымен де, пайдасы барын мойындап отыр. Ертеректе ата-бабаларымыз оны суықты емдеу үшін қолданған. Бірақ аурудың алдын алу үшін емес, нақты жөтеліп ауырғанда ғана пайдалану керек дейді медицина мамандары. Тұрақты жеу – түрлі ауруларға алып келуі мүмкін.

 

 

 

 

azattyq-ruhy.kz




Көрілген: 322    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 15.07.2020, 13:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31