Нарық

Алматылықтардың коммуналдық қызметке қарызы кешірілді

  • https://mgorod.kz/

    https://mgorod.kz/

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша мұқтаж қалалықтардың жекелеген санаттарын қолдау мақсатында коммуналдық қызметтер бойынша қарыздары кешірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Бұл шара халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын қалалықтарға қатысты ұйымдастырылды.

 

Қаланың «АЛТС» және «Алматы Су» коммуналдық кәсіпорындары жергілікті бюджеттің есебінен төленген жылудың, ыстық және суық судың дебиторлық қарыздарын есептен шығарды.

 

5 055 адамның берешегін қайтару үшін бюджеттен 79,9 млн теңге жұмсалады:

 

* 11 Ұлы Отан соғысына қатысушы мен соғыс мүгедектерінің - 78 061 теңге;

 

* 840 еңбек майданына қатысушының - 4 659 507 теңге;

 

* 115 Ұлы Отан соғысына қатысушы мен соғыс мүгедектеріне теңестірілгендердің - 1 520 764 теңге;

 

* басқа мемлекеттерде болған соғыстардың 49 ардагерінің - 1 881 004 теңге;

 

* 462 кәмелетке толмаған 4 немесе одан көп балалары бар көпбалалы отбасылардың - 15 898 519 теңге;

 

* 2 709 бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектердің - 37 619 113 теңге;

 

* 224 атаулы әлеуметтік көмек алатын адамның - 6 735 501 теңге;

 

* 211 ең төменгі және одан төмен зейнетақы алатын зейнеткердің - 7 770 687 теңге;

 

* 346 мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасының - 2 438 187 теңге;

 

* 88 асыраушысынан айрылғаны үшін жәрдемақы алатын отбасының 1 271 369 теңге көлемінде коммуналдық берешегі кешірілді.

 

 




Көрілген: 1889    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.01.2021, 15:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Ақпан, 16:30
    Доллар арзандады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31