Алматының орталығында салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысы тоқтақтылды

20 желтоқсан 2021, 18:08

Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов брифинг барысында мегаполис орталығында көпқабатты үйлер салынып жатыр ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Құрылысы жүріп жатқан нысандарға келер болсақ, олардың құрылысы 2019 жылы басталды, біз оларды аяқталу кезеңінде тоқтата алмаймыз. Сонымен қатар олар тұрғын үй бағдарламасына қатысып жатыр. Ал кезінде рұқсат берілген, бірақ құрылысы басталмаған жаңа учаскелер үшін біздің басқарма жаңа ережелерге сәйкестендірмейінше оның барлық әрекеттерін тоқтата тұру туралы хабарлама жіберді», — деді Алмасхан Ахмеджанов.

 

Оның айтуынша, қаланың орталық бөлігінде тарихи орталық шекарасында көпқабатты үйлердің құрылысы тоқтатылды.

 

«Жер телімдерін қайтару процесі жүріп жатыр. Бұл оңай жұмыс емес. Жерді алып қою тек сот арқылы шешіледі, сондықтан бұл мәселе қазір қарастырлып жатыр», - деп жауап берді ол.